Date of publication: 06.12.2018 09:01
Date of changing: 06.12.2018 09:02

       Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 06.02.2018 жылғы №131 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 440 бабының 7 тармағына сәйкес, тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаның нысаны,  оны ұсыну қағидалары мен мерзімдері бекітілді.

Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама мынадай жағдайларда:

- әкелінген тауарлардың өзіндік қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;

- әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде;

- оларды бір заңды тұлға шегінде беруге байланысты тауарларды әкелу (әкету) кезінде ұсынылады.

Хабарлама оның негізінде тауарларды әкелу (әкету) жүзеге асырылған әрбір шарт (келісімшарт) және ЕАЭО-тың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының тауарлар коды бойынша салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жеке ұсынылады.

Хабарлама ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағына әкетілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Хабарлама тауарларды әкелудің (әкетудің) әр күніне ұсынылады.

 

 

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Экспорттық бақылау басқармасы