Date of publication: 15.05.2019 16:50
Date of changing: 15.05.2019 16:52

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалған кәсіпкерлердің қызметін пайдалана отырып, салық төлеуден жалтару схемасын жою мақсатында, сондай-ақ, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында барлық қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеушілерді шот-фактураларды тек электронды нысанда жазып беруге өткізу жұмыстарын жандандыруда.

Салық кодексінің 412 бабына сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС төлеушілеріне шот-фактураны міндетті түрде электронды нысанда жазып беру қарастырылған, сол себепті қалған салық төлеушілерге ЭШФ ақпараттық жүйесіне тіркеу міндеті қойылды.

Барлық ҚҚС төлеушілер ЭШФ ақпараттық жүйесіне міндетті түрде тіркелуі қажет, ЭШФ АЖ қатысушылар келесідей артықшылықтарды пайдалана алады:

  1. Бастапқы ілеспе бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеуді жою: тауар-көліктік жүкқұжат, төлем шоттары, сондай-ақ, ЭШФ-да жеке реквизиттерді көрсету мүмкіншілігі;
  2. Электронды шот-фактураны жазу құқығын сенім хатпен бірнеше қызметкерге беру;
  3. Халықаралық келісімдер үшін ЭШФ шет ел валютасында жазып беру мүмкіндігі (экспорт);
  4. Алушыға ЭШФ-ны растау үшін оның орналасқан жеріне қарамастан, жылдам онлайн жеткізу;
  5. Контрагенттер арасында ЭШФ АЖ-де хабар алмасу мүмкіндігі;
  6. ЭШФ АЖ алдын жазылған электронды шот фактураны қайтарып алу және қате жібермеу мүмкіндігі, себебі ақпараттық жүйе толтырылған шот-фактураға форматты-логикалық бақылау жүргізеді;
  7. Сонымен қатар, ЭШФ АЖ қолданушыларға ҚҚС бойынша салықтық есептіліктер көлемі азаяды.

 ЭШФ ақпараттық жүйесі мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартпен жұмыс жасайтын тұлғалардың да мүддесін көздейді, себебі тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметті алушылар болып табылатын мемлекеттік мекемелерге «Қазынашылық клиент» АЖ-де ЭШФ АЖ арқылы жеткізіп берушімен берілген электронды шот фактураның негізінде автоматты түрде төлем шотын қалыптастырады.

Мемлекеттік кірістер органдары үшін ЭШФ АЖ тауардың өмірлік циклін анықтауға бағытталған мониторинг жасауға мүмкіндік береді. Яғни, нақты уақытта тауардың өндірілген кезінен немесе импортынан бастап соңғы тұтынушыға дейін жолын анықтайды. Бұл жалған шот-фактураларды жазуды болдырмайды.

Жоғарыда аталған талаптарды орындамаған жағдайда, әкімшілік шаралар қолданылады. Егер, бір жылдың ішінде алғаш рет шот-фактураны электронды нысанда жазып бермеген жағдайда, салық төлеушіге ескерту беріледі. Ал, бір жылда ЭШФ қайталап жазып бермеген жағдайда, жауапкершілік қатаңдатылып, айыппұлдар салынады. Айыппұл көлемі салық төлеушінің қай топқа жататындығына байланысты және төмендегі мөлшерді құрайды:

  • шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 40 АЕК;
  • орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 100 АЕК;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 150 АЕК.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД