Date of publication: 23.05.2019 08:55
Date of changing: 23.05.2019 08:56

Жекеленген мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру нысандарының бірі, азаматтардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүргізілетін, мемлекеттік қызмет болып табылаты. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының көрсететін бірқатар мемлекеттік қызметінің бірегейі болып «Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы демпингке қарсы өтемақы баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындауын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу».

Аталған мемлекеттік қызмет, бекітілген регламентпен стандартқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 және 2015 жылғы 4 маусымдағы №348 бекітілген Бұйрығымен жеке және заңды тұлғаларға ақысыз түрде көрсетіледі, сәйкесінше. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, қызмет көрсету уәкілетті органы үшін тәулік бойы жұмыс істеу режимі белгіленген кеден ісі саласын қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00–ден 14.30–ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00–ден 18.30–ға дейін. Өтініштерді қабылдау және мемелекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00–ден 14.30–ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00–ден 17.30–ға дейін жүзеге асырылады, функционалдық міндетіне хат хабарларды қабылдау және берулер кіретін тұлға.

 2019 жылдың қаңтар - сәуір айында «Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы демпингке қарсы өтемақы баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындауын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу» Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен кедендік баждарды, салықтарды, төлеу жөніндегі міндеттердің орындау бойынша 273 нысандары ресімделді және тіркелді. Онын ішінде:

- сақтандыру келісімшарттарын пайдалану арқылы – 10 нысан;

- кеден органының ақшалай қаражаттарды уақытша сақтау шотына төленген, ақшамен – 263 нысан.

 

 

Шымкент қаласы бойынша МКД