Date of publication: 23.05.2019 08:58
Date of changing: 23.05.2019 09:01

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларымен басшысы және (немесе) құрылтайшысы қаржы-шаруашылық қызметті іске асыруға және (немесе) тіркеуге (қайта тіркеуге) қатысы жоқ, тіркелген мекен-жайында жоқ кәсіпкерлік нысандардың мемлекеттік тіркеуін, қайта тіркеуін жарамсыз деп тану туралы сот органдарына талап арыздар жолдау  жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының «Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы» Нормативтік қаулысына және Салық кодексінің 19 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына сәйкес, мемлекеттік кірістер органы заңды тұлғаны құру кезінде жойылмайтын сипаттағы жіберілген заңнаманы бұзушылықтарға байланысты, сондай-ақ орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған жағдайда оның тіркеуін жарамсыз деп тану негізі бойынша заңды тұлғаны тарату туралы соттарға талаптар қоюға құқылы (АК-нің 49-бабы 2-тармағы).

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуін, қайта тіркеуін сот жарамсыз деп тапқан жағдайда заңды тұлғаның контрагенттері үшін салық міндеттері бойынша құқықтық салдарлар күшіне енеді.

Осы бағыт бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ағымдағы жылдың бес айында Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті және оның аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларымен сот органдарына жіберілген 10 талап арыздар бойынша 10 заңды тұлғаның  тіркеу, қайта тіркеуін жарамсыз деп тану туралы сот шешімдері қабылданды және осы заңды тұлғалардың контрагентерінен салық сомасын өндіру жұмыстары атқарылуда.

 

                                                                  Заң басқармасы

Шымкент қаласы бойынша МКД