Date of publication: 11.07.2019 14:39
Date of changing: 11.07.2019 14:40

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

ТАУАРЛАРДЫҢ КЕДЕНДІК ҚҰНЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША АЛДЫН АЛА ШЕШІМДЕРДІ ШЫҒАРУ ТӘРТІБІ БЕКІТІЛДІ

 

2019 жылдың 1 шілдеден  бастап  «Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдаудың кейбір мәселелері туралы»  Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығы (бұдан әрі – кедендік құнның алдын ала шешімдері) қолданысқа енгізілгені туралы Қазакстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды. Бұйрық «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабының 19-тармағына сәйкес әзірленді.

Жоғарыдағы көрсетілген бұйрық тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімді шығару тәртібін, шарттары мен мерзімдерін, сондай-ақ осындай алдын ала шешімді қолдану тәртібі мен мерзімдерін бекітеді.

Кедендік құнның алдын ала шешімдері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде:

  1. өтеусіз шарттар бойынша, атап айтқанда сыйға тарту, өтеусіз жеткізу шарттары бойынша (мысалы, жарнама, көрме үлгілерін өтеусіз жеткізу шарты);
  2. жалға алу шарттары бойынша;
  3. делдалдық шарттар бойынша, атап айтқанда бағаны қамтымайтын комиссия шарты, консигнация шарты, агенттік шарты, олар бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шығару үшін сатылатын тауарлар бойынша;
  4. қарыз, тауарлық кредит шарттары бойынша, олар бойынша тауарлар немесе оларға балама тауарлар меншік иесіне қайтарылуға жататындар бойынша;
  5. сараптаманы, сәйкестікті бағалауды (растауды) жүргізу үшін (оның ішінде зерттеулер, сынақтар, тексерулер, эксперименттер және қасиеттері мен сипаттамаларын көрсету);
  6. жарғылық капиталға (қорға) салым ретінде қабылданады.

Кедендік құнның алдын ала шешімдері аумақтық мемлекеттік кірістер органдарымен қабылданады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)