Date of publication: 14.08.2019 09:12
Date of changing: 14.08.2019 09:17

       Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары басқармасы тергеу бөлімінің басшысы Т.Тленшинмен бірлесіп басқарма қызметкерлерімен Сыбайлас жемқорлықтың алдын  алу және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі ережелерін сақтау тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде Т.Тленшин мемлекеттік қызметшілерге қойылған талаптар мен қызметтік этика ережелерін түсіндіріп, қатысушыларды жұмыста және жұмыстан тыс уақытта қоғам тарапынан сын ескертпелерге жол бермеуге және әдеп ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

        Сонымен қатар, қатысушыларға сыбайлас жемқорлықпен күресу, сыбайлас жемқорлықтың салдары мен жауапкершілігі туралы түсіндірме жасап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және профилактикасы бойынша өзгеде мәселелер талқыланды.

    Бұл іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіруге және сыбайлас жемқорлықты жоюға бағыталды.