Бақылау-касса машинасы

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап әртүрлі жанар-жағармай (бензин, дизель) және алкоголь өнімдерін  сатушылар деректерді тіркеу беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолдана бастады.

         2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы жабдықтарды сұлулық салондары, шаштараздар, қонақ үйлер мен мейрамханалар, ағаш материалдарын, құрылыс материалдары мен санитарлық-техникалық жабдықтар, металл бұйымдары, сантехникалық, су өткізу және жылыту жабдықтарын көтерме саудада сататын жеке кәсіпкерлер орнатуға міндеттелді.