Жарияланған күні: 07.02.2019 15:34
Өзгертілген күні: 07.02.2019 15:38

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (онлайн БКМ) қолдану аясы кеңейтілді

 

2018 жылдың 23 желтоқсанында ҚР Қаржы министрлігінің 27.11.2018 ж. №1029 бұйрығы күшіне еніп, 2019 жыл аралығында ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (онлайн БКМ) қолдану міндеті туындайтын қызмет түрлері ұлғайтылды. 

Атап айтқанда, 2019 жылдың әр тоқсаны сайын онлайн БКМ қолдануға 633 қызмет түрлері қосылады:

- 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 323 қызмет түрлері бойынша;

- 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 86 қызмет түрлері бойынша;

- 2019 жылдың 1 қазанына бастап 224 қызмет түрлері бойынша.

Осылайша, 2019 жылы онлайн БКМ қолдануға барлық қызмет түрлері толығымен қосылады.

Онлайн БКМ қолдану бойынша ережелерi қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерге қолданылмайды. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібі Салық кодексінің 166 бабымен реттеледі.

 

2019 жылдан бастап тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу барысында шот-фактураларды электронды түрде жазып беруге міндеттілердің тізімі жаңартылды.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу барысында шот-фактураларды электронды түрде жазып беруге міндетті салық төлеушілердің тізімі толықтырылды.

- Барлық қосылған құн салығын төлеушілер;

- Қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионерлер мен экспедиторлар

- Тауарларды шығару тізбесіне қосылған тауарларды өткізетін салық төлеушілер;

- Импортталған тауарларды өткізетін салық төлеушілер. (Салық кодексінің 412 бабы).

 

Қосылған құн салығына тіркеу есебіне қою үшін ең төменгі айналым мөлшері өзгеріссіз қалды.

ҚҚС тіркеу есебіне қою туралы ең төменгі айналым мөлшері 2019 жылға өзгеріссіз қалып, 30000 АЕК құрайды (ҚР Салық кодексінің 82 бабы). Осыған дейін ҚҚС есебіне қою үшін ең төменгі айналым мөлшерін кезеңімен төмендету болжамдалған. 

Көмір сатушыларға арналған Виртуалды қойма

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап көмір сату «Виртуалды қойма» модулі арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бұл нақты уақытта салық төлеушінің қоймасында көмірдің қалдығын автоматты түрде есептеуге, сондай-ақ, өндірушіден тұтынушыға дейін қозғалыс тізбесін бақылауға мүмкіндік береді.

Салықтық тексерулер жүргізу және тәуекелдерді басқару критерийлерін анықтау бөлігіндегі өзгерістер

  • Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібіне сәйкес, тәуекелдер жүйесін басқару қорытындысы бойынша салық төлеушінің қай тәуекелдер тобына жататындығы туралы ақпарат 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР ҚМ МКК ресми сайтында орналастырылатын болады.

 

  • 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық салық төлеушілерді (салық агенттерін) санаттау олардың қызметін тәуекел дәрежесінің төмен, орташа немесе жоғары санатына жатқызу және салықтық әкімшілендірудің саралап қолдану шараларын қолдану жолымен жүзеге асырылады.

 

  • Салық төлеушілердің горизонтальды мониторингі енгізіледі. (Салық кодексінің 131 бабы).

 

Тексерудің стандартты файлы енгізілуде

  • Тексерудің стандартты файлы – бұл салық органының ақпараттық жүйелері арқылы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық төлеушінің (салық агенті) электронды нысандағы бухгалтерлік есебі;
  • Тексерудің стандартты файлы салық төлеушінің еркімен ұсынылады;
  • Аталған файл салық төлеуші мен тексерушінің байланысын азайтып, салықтық тексерудің мерзімін азайтады (Салық кодексінің 150 бабы).

Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің жаңа нысандары бекітілді (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы №599 бұйрығы)

 

Шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылық

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өсімпұлдарды және айыппұлды есептен шығару жөнінде шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізу келесідей шарттарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады:

  • 2018 жылдың 1 қазанындағы негізгі қарызын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұлды есептен шығару.

 

Салық аминистиясын қолдануға жатпайды:

  • Ірі салық төлеушілер;
  • Акцизделетін тауар өндірушілер;
  • Мұнай саласында қызметін жүзеге асыратын компаниялар;
  • Жалған кәсіпкерлік

ЖТС мөлшері өзгертілді

2019 жылдан бастап жалақысы 25 АЕК төмен жалақы алатын жұмыскерлердің (2019 жылы бұл сомма 63 125 тг.құрайды) жеке табыс салығы азайтылды. Төлем көзінен ЖТС ұстау барысында жұмыскердің салық салынатын табыс мөлшері 90% қысқартылды. (Салық кодексінің 341 бабы 1 тармағы 49 тармақшасы).

Бірыңғай жиынтық төлем бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілді

Бірыңғай жиынтық төлем мөлшері:

– 1 АЕК - республикалық және облыстық маңызы бар қалалар, астана үшін;

  • 0,5 АЕК – басқа елді мекендер үшін.

БЖТ төлеушінің  табыс мөлшері күнтiзбелiк жыл үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіштің 1 175 еселенген мөлшерінен аспауы тиiс.

Салық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;

2) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

3) тек қана жеке тұлғаларға қызмет көрсететін және (немесе) акциздік өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн тек жеке тұлғаларға ғана өткізетін, дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеушілері деп танылады.

Есепті-бақылау маркаларын және акциздерді Банкноттық фабрика беретін болады

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап алкоголь өнімдеріне есепті-бақылау маркалары мен темекі өнімдеріне акциз маркаларын беру РГП «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкноттық фабрикасына» беріледі, яғни аутсорсингке өтеді.

ЕАЭО елдерінен тауарларды алып кетуді растаудың электронды тәртібі енгізілуде.

2019 жылдың 1 ақпанынан бастап ЕАЭО елдерінен тауарларды алып кетуді растаудың электронды тәртібі енгізілуде