Жарияланған күні: 07.11.2018 17:28
Өзгертілген күні: 09.11.2018 17:11

АЛЫМДАР

 Алымдар туралы жалпы ережелер

      1. Салық органдары және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар:

      1) тіркеу әрекеттері;

      2) рұқсат құжаттарын немесе олардың телнұсқаларын беру бойынша әрекеттер жасалған кезде алатын, бюджетке төленетін бір реттік төлемдер алымдар болып табылады.

      Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін рұқсат құжаттары деп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган беретін, рұқсаттарға қатысы жоқ келісімдер де түсініледі.

      2. Осы тараудың мақсаттары үшін тіркеу әрекеттері деп уәкілетті мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мынадай әрекеттер жасауы түсініледі:

      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;

      3) жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеу;

      4) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу;

      5) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;

      6) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;

      8) теле- радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды есепке қою;

      9) микроқаржы ұйымдарын есептік тiркеу.

      3. Алымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар мынадай құжаттарды немесе олардың телнұсқаларын берген кезде алынады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін беретін рұқсат құжаттары, келісімдер;

      3) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін берілетін рұқсат құжаттары (бұдан әрі – автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым):

      халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы;

      халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті;

      ірі габаритті және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі;

      4) байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган (өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді орындау үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алатын мемлекеттік мекемелерден басқа) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға беретін рұқсаттар;

      5) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне беретін сертификаттар;

      6) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға (оны ұзартуға) рұқсаттар.

      4. Жасау кезінде алым алу көзделген тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алым сомаларын есептеуді және есепке жазуды жүргізеді, сондай-ақ есептелген (есепке жазылған) алымдардың толық алынуы, бюджетке уақтылы төленуі үшін, сондай-ақ осы баптың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына берілетін мәліметтердің анықтығы үшін жауапты болады.

      5. Осы Кодекстің 26-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша (беру толық автоматтандырылғанға дейін) салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәлімет ұсынады.

      Ескерту. 550-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Алым төлеушілер

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыру кезінде алымдар алу көзделген әрекеттерді олардың мүдделері үшін жасайтын тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері алым төлеушілер болып табылады.

      2. "Халықты жұмыспен қамту туралы" және "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын жағдайларда жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартатын тұлғалар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым төлеушілер болып табылмайды.

 Алымдарды есептеу мен төлеу тәртібі

      1. Алым сомалары белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті құжаттар берілгенге дейін немесе рұқсат құжаттары алынғанға дейін алым төлеушінің тұрған жері бойынша төленеді.

      2. Тиісті рұқсат құжаттары ресімделмей, сондай-ақ автомобиль көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген автокөлік құралының жол берілетін өлшемдерін бұза отырып, автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталған жағдайда, автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасы осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке төленеді.

      3. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен не уәкілетті мемлекеттік органның бақылау-өткізу пункттерінде не өзге де арнайы жабдықталған орындарында уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде қолма-қол ақшаны енгізу жолымен жүргізіледі.

      Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін қолма-қол ақшамен қабылданған алым сомаларын автомобиль көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей күн сайын банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға оларды кейіннен бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төлеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болса, ақшаны есепке жатқызу ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады.

      Жеке тұлғалар автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомаларын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілерінде уәкілетті мемлекеттік органның бизнес-сәйкестендіру нөмірі қойылады.

      4. Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру не ұзарту туралы шешім қабылдағаны туралы хабарламасы алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алынады

 Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері

      1. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай алымдарды төлеу күніне қолданыста болатын еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы тараудың мәтіні бойынша – АЕК) мөлшерінде айқындалады.

      2. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Тіркеу әрекеттерінің түрлері

Мөлшер-лемелер (АЕК)

1

2

3

1.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: *

 

1.1.

заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

6,5

1.2.

шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

2

1.3.

саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

14

2.

Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

 

2.1.

мемлекеттік тіркегені, қызметінің тоқтатылуын тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін

1

2.2.

қайта тіркегені үшін

0,5

3.

Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

 

3.1.

тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде)

2

3.2.

қызметтің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) қайта тіркегені, мемлекеттік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

1

      Ескертпе.

      *Нөлдік мөлшерлеме шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген және олардың қызметінің тоқтатылуын тіркеген кезде қолданылады.

      3. Алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Тіркеу әрекеттерінің түрлері

Мөлшер-лемелер (АЕК)

1.

2

3

– 16.

Алып тастау көзделген - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

 

17.

Жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін:

 

17.1.

жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын, әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті, сондай-ақ тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын немесе әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге қайтарып алынбайтын өкілеттіктің өзгерістерін, толықтыруларын және мемлекеттік тізілімнен алып тастауды тіркегені үшін:

 

17.1.1.

жеке тұлғалардан**

1

17.1.2.

заңды тұлғалардан

5

17.1.3.

екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан

0

17.2.

жылжымалы мүлік кепілінің және кеме ипотекасының, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттіктің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін**

0,5

      Ескертпе.

      Нөлдік мөлшерлеме мыналарды мемлекеттік тіркеген кезде қолданылады:

     

      2) мына адамдардың жылжымалы мүлік кепілі, кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасы: **

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі;

      оралмандар.

      4. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды, көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Тіркеу әрекеттерінің түрлері

Мөлшер-лемелер
(АЕК)

1

2

3

1.

Мыналарды мемлекеттік тіркегені үшін:

 

1.1.

механикалық көлік құралын (бастапқы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін көлік құралынан басқа) немесе тіркемені

0,25

1.2.

теңіз кемелерін

60

1.3.

өзен кемелерін

15

1.4.

шағын көлемді флот кемелерін:

 

1.4.1.

қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

3

1.4.2.

қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

2

1.4.3.

өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді

1,5

1.5.

азаматтық әуе кемелерін

7

1.6.

ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды

14

1.7.

қалалық рельсті көлікті

0,25

1.8.

теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын

0,25

2.

Қайта тіркегені үшін:

 

2.1.

механикалық көлік құралын немесе тіркемені

0,25

2.2.

теңіз кемелерін

30

2.3.

өзен кемелерін

7,5

2.4.

шағын көлемді флот кемелерін:

 

2.4.1.

қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

1,5

2.4.2.

қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

1

2.4.3.

өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді

0,75

2.5.

азаматтық әуе кемелерін

7

2.6.

қалалық рельсті көлікті

0,25

2.7.

теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын

0,25

3.

Мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін:

 

3.1.

механикалық көлік құралын немесе тіркемені

0,25

3.2.

теңіз кемелерін

15

3.3.

өзен кемелерін

3,75

3.4.

шағын көлемді флот кемелерін:

 

3.4.1.

қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

0,75

3.4.2.

қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

0,5

3.4.3.

өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді

0,38

3.5.

азаматтық әуе кемелерін

3,5

3.6.

Алып тастау көзделген - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

3.7.

қалалық рельсті көлікті

0,25

3.8.

теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын

0,25

4.

Механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін:

 

4.1.

гибридті көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар М1 санатындағы көлік құралдары:

 

4.1.1.

шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін

0,25

4.1.2.

шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін

25

4.1.3.

шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жыл және одан жоғары

250

4.2.

электр қозғалтқыштары бар көлік құралдарын қоспағанда, М1 санатындағы көлік құралдары

 

4.2.1.

шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін

0,25

4.2.2.

шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін

50

4.2.3.

шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жыл және одан жоғары

500

4.3.

М2, М3, N1, N2, N3 санатындағы көлік құралдары:

 

4.3.1.

шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін

0,25

4.3.2.

шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін

240

4.3.3.

шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 5 жылға дейін

350

4.3.4.

шығарылған жылын қоса алғанда, 5 жыл және одан жоғары

2500

5. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Тіркеу әрекеттерінің түрлері

Мөлшер-лемелер
(АЕК)

1

2

3

1.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы тіркегені үшін

11

2.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы қайта тіркегені үшін

5

3.

Мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін:

0,7

      6. Алып тасталды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 

      7. Теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды есепке қойғаны үшiн алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Тіркеу әрекеттерінің түрлері

Мөлшер лемелер
(АЕК)

1

2

3

1.

Теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды есепке қою:

 

1.1.

балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы

2

1.2.

өзге тақырыптағы

5

2.

Мерзiмдi баспасөз басылымының, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру:

 

2.1.

балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы

1,6

2.2.

өзге тақырыптағы

4

8. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізгені және оларды микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізгені үшін алым мөлшерлемесі мыналарды құрайды:

Р/с

Тіркеу әрекеттерінің түрлері

Мөлшер-лемелер
(АЕК)

1

2

3

1.

Микроқаржы ұйымын есептік тіркеу

10

         

Рұқсат құжаттарын бергені үшін алым мөлшерлемелері

      1. Рұқсат құжаттарын бергені үшін алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай алымдар төлеу күніне қолданыста болатын еселенген АЕК мөлшерінде айқындалады.

      2. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым мөлшерлемелері:

      1) мыналарды:

      халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шыққаны үшін – 1 еселенген АЕК мөлшерін;

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсатты ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шыққаны үшін - 10 еселенген АЕК мөлшерін;

      2) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіргені (шықаны), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті үшін – 20 еселенген АЕК мөлшері;

      3) ірі габаритті және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін – осы баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлерді құрайды.

      3. Ірі габаритті және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жол жүргені үшін алым мөлшерлемелері:

      1) автокөлік құралының (жүкпен немесе жүксіз) жалпы нақты массасының жол берілетін жалпы массадан асып кеткені үшін – асып кеткен әрбір тонна (толық еместі қоса алғанда) үшін 0,005 еселенген АЕК мөлшерін құрайды.

      Автокөлік құралының (жүкпен немесе жүксіз) жалпы нақты массасының жол берілетін жалпы массадан асып кеткені үшін алым сомасы көрсетілген алым мөлшерлемесін осындай асып кету мөлшеріне және маршрут бойынша тасымалдаудың тиісті арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы айқындалады;

      2) автокөлік құралының (жүкпен немесе жүксіз) нақты осьтік жүктемелерінің жол берілетін осьтік жүктемелерден асып кеткені үшін (әрбір артық жүк тиелген жеке, қосарланған және үштіктелген осьтер үшін):

Р/с

Жол берілетін осьтік жүктемелерден нақты асып кету, %

Жол берілетін осьтік жүктемелерден асып кеткені үшін тариф
(АЕК)

1

2

3

1.

10 %-ды қоса алғанға дейін

0,011

2.

10,0 %-дан 20,0 %-ды қоса алғанға дейін

0,014

3.

20,0 %-дан 30,0 %-ды қоса алғанға дейін

0,190

4.

30,0 %-дан 40,0 %-ды қоса алғанға дейін

0,380

5.

40,0 %-дан 50,0 %-ды қоса алғанға дейін

0,500

6.

50,0 %-дан жоғары

1

      Алым сомасы жол берілетін осьтік жүктемелерден нақты асып кеткен мөлшерге сәйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша тасымалдаудың арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы айқындалады;

      3) автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің автокөлік құралдарының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін:

Р/с

Автокөлік құралдарының габариттік өлшемдері, метрмен

Жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін мөлшерлемелер (АЕК)

1

2

3

1.

Биіктігі:

 

1.1.

4-тен жоғары 4,5-ті қоса алғанға дейін

0,009

1.2.

4,5-тен жоғары 5-ті қоса алғанға дейін

0,018

1.3.

5-тен жоғары

0,036

2.

Ені:

 

2.1.

2,55-тен (изометриялық шанақтар үшін 2,6-дан) жоғары 3-ті қоса алғанға дейін

0,009

2.2.

3-тен жоғары 3,75-ті қоса алғанға дейін

0,019

2.3.

3,75-тен жоғары

0,038

3.

Ұзындығы:

 

3.1.

Жол берілетін ұзындықтан асып кететін әрбір метр үшін (толық еместі қоса алғанда)

0,004

      Автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің автокөлік құралдарының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін алым сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:

      биіктік бойынша автокөлік құралының нақты габариттік мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту жолымен алынған, автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің биіктік бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін алым сомасы  қосу

      ені бойынша автокөлік құралының нақты габариттік мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту жолымен алынған, автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің мөлшеріне ені бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін алым сомасы, қосу

      ұзындық бойынша автокөлік құралының нақты габариттік мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту жолымен алынған, автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің ұзындық бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін алым сомасы.

     

 4. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар бергені үшін алым) мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

 

Р/с

Лицензияланатын қызмет түрлері

Алым мөлшер-лемелері (АЕК)

1

2

3

1.

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері: 

 

1.1.

Тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты) және мұнай-химия өндірістерін (технологиялық) жобалау

10

1.2.

Тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін пайдалану, мұнай және газ саласындағы магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнімдері құбыржолдарын пайдалану

100

1.3.

Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану

10

1.4.

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу

10

1.5.

Атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің өмірлік циклінің кезеңдерімен байланысты жұмыстарды орындау 

100

1.6.

Ядролық материалдармен жұмыс істеу

50

1.7.

Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу

10

1.8.

Иондандырушы сәулені генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу

5

1.9.

Атом энергиясын пайдалану саласында көрсетілетін қызметтерді ұсыну

5

1.10.

Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу

50

1.11.

Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды,

50

иондандырушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау

1.12.

Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызмет

10

1.13.

Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау

10

1.14.

Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау

5

1.15.

Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою 

10

1.16.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану

10

1.17.

Жолаушыларды қалааралық облысаралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақсыз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау

3

1.18.

Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет

6

1.19.

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызмет 

20

1.20.

Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) 

9

1.21.

Жедел-iздестiру iс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және өткізу

20

1.22.

Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөнінде қызметтер көрсету 

20

1.23.

Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат құжатын) беру

0
 

1.24.

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат құжатын) беру

0

1.25.

Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу нысанасына техникалық зерттеу жүргізу

0

1.26.

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамалары туралы нотификацияларды тіркеу

0

1.27.

Монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу 

22

1.28.

Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау

22

1.29.

Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу 

22

1.30.

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау

10

1.31.

Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану

10

1.32.

Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызмет

186

1.33.

Байланыс саласында қызметтер көрсету

6

1.34.

Білім беру қызметі

10

1.35.

Теле-, радио арналарын тарату жөнiндегi қызмет

6

1.36.

Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету

10

1.37.

Медициналық қызмет

10

1.38.

Фармацевтикалық қызмет

10

1.39.

Адвокаттық қызмет

6

1.40.

Нотариаттық қызмет

6

1.41.

Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызмет

6

1.42.

Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда)

6

1.43.

Зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау 

6

1.44.

Аудиторлық қызмет

10

1.45.

Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету 

50

1.46.

Заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы 

6

1.47.

Туроператорлық қызмет 

10

1.48.

Ветеринария саласындағы қызмет

6

1.49.

Сот-сараптама қызметі 

6

1.50.

Тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру

10

1.51.

Мыналар жүзеге асыратын банк операциялары*:

 

1.51.1.

екінші деңгейдегі банктер

800

1.51.2.

банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

400

1.52.

Банктердің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру жөніндегі операциялары

800

1.53.

Банктер жүзеге асыратын өзге де операциялар 

800

1.54.

Қызметінің ерекше түрі шетелдік қолма-қол валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың операциялары

40

1.55.

Өмірді сақтандыру саласындағы қызмет**

500

1.56.

Жалпы сақтандыру саласындағы қызмет**

500

1.57.

Ерекше қызмет түрі ретінде қайта сақтандыру жөніндегі қызмет

500

1.58.

Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет

200

1.59.

Сақтандыру брокерінің қызметі

300

1.60.

Актуарийлік қызмет

10

1.61.

Брокерлік қызмет

30

1.62.

Дилерлік қызмет 

30

1.63.

Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет 

30

1.64.

Кастодиан қызметі

30

1.65.

Трансфер-агенттік қызмет 

10

1.66.

Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызмет

10

1.67.

Қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клиринг қызметі

40

1.68.

Іздестіру қызметі

10

1.69.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

10

1.70.

Жобалау қызметі

10

1.71.

Тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен ұйымдастыру жөніндегі қызмет

10

1.72.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау 

10

1.73.

Этил спиртін өндіру

3 000

1.74.

Сырадан және сыра сусынынан басқа, алкоголь өнімін өндіру

3 000

1.75.

Сыра және сыра сусынын өндіру

2 000

1.76.

Алкоголь өнімін өндіру аумағында сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін

200

1.77.

Алкоголь өнімін өндіру аумағында сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметін мыналарда жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін:

 

1.77.1.

астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда

100

1.77.2.

аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде

70

1.77.3.

ауылдық елді мекендерде

30

1.78.

Темекі бұйымдарын өндіру 

500

1.79.

Тауарлардың экспорты мен импорты

10

1.80.

Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты

10

1.81.

Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету

10

1.82.

Ойын бизнесі саласындағы қызмет: 

 

1.82.1.

казино және ойын автоматтары залы үшін

3 845

1.82.2.

тотализатор және букмекерлік кеңсе үшін

640

1.83.

Тауар биржалары саласындағы қызмет: 

 

1.83.1.

тауар биржасы үшін

10

1.83.2.

биржа брокері үшін

5

1.83.3.

биржа дилері үшін 

5

1.84.

Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу

22

2.

Лицензияның телнұсқасын бергені үшін алым мөлшерлемелері: 

 

2.1.

1.51. – 1.53., 1.55. – 1.59., 1.79. – 1.80-тармақтарда көрсетілгендерді қоспағанда, барлық қызмет түрлеріне

Лицензия берген кездегі мөлшер-лемеден 100%

2.2.

1.51. – 1.53., 1.55. – 1.59-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлеріне

Лицензия берген кездегі мөлшер-лемеден
10 %

2.3.

1.79. – 1.80-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлеріне

1

3.

Лицензияларды қайта ресімдегені үшін мөлшерлемелер:

 

3.1.

тауарлардың экспорты мен импортына, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдеуді қоспағанда, барлық лицензия түрлері үшін

Лицензия берген кездегі мөлшер-лемеден
10 %

3.2.

тауарлардың экспорты мен импортына, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдегені үшін

1

      Ескертпе.

      * Әрбір банктік операция үшін; ** әрбір сақтандыру сыныбы үшін.

      5. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

      1) радиожиіліктің метрлік диапазонды телевизия үшін:

Р/с

Халық саны
(мың адам)

Хабар таратқыш
құралдың қуаты (Вт)

Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

4

1.

10-ды қоса алғанға дейін

100-ді қоса алғанға дейін

20

2.

10-нан 50-ді қоса алғанға дейін

500-ді қоса алғанға дейін

41

3.

10-нан 50-ді қоса алғанға дейін

500-ден жоғары

83

4.

50-ден 100-ді қоса алғанға дейін

1000-ды қоса алғанға дейін

124

5.

50-ден 100-ді қоса алғанға дейін

1000-нан жоғары

249

6.

100-ден 200-ді қоса алғанға дейін

1000-нан жоғары

290

7.

100-ден 200-ді қоса алғанға дейін

1000-нан жоғары

435

8.

200-ден 500-ді қоса алғанға дейін

2000-ды қоса алғанға дейін

828

9.

200-ден 500-ді қоса алғанға дейін

2000-нан жоғары

1243

10.

500-ден жоғары

5000-ды қоса алғанға дейін

2367

11.

500-ден жоғары

5000-нан жоғары

3550

2) радиожиіліктің дециметрлік диапазонды телевизия үшін:

Р/с

Халық саны
(мың адам)

Хабар таратқыш
құралдың қуаты (Вт)

Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

4

1.

10-ды қоса алғанға дейін

100-ді қоса алғанға дейін

13

2.

10-нан 50-ді қоса алғанға дейін

500-ді қоса алғанға дейін

26

3.

10-нан 50-ді қоса алғанға дейін

500-ден жоғары

52

4.

50-ден 100-ді қоса алғанға дейін

1000-ды қоса алғанға дейін

78

5.

50-ден 100-ді қоса алғанға дейін

1000-нан жоғары

155

6.

100-ден 200-ді қоса алғанға дейін

1000-ды қоса алғанға дейін

181

7.

100-ден 200-ді қоса алғанға дейін

1000-нан жоғары

272

8.

200-ден 500-ді қоса алғанға дейін

2000-ды қоса алғанға дейін

518

9.

200-ден 500-ді қоса алғанға дейін

2000-нан жоғары

777

10.

500-ден жоғары

5000-ды қоса алғанға дейін

1479

11.

500-ден жоғары

5000-нан жоғары

2219

3) Радиожиіліктің УҚT ЖМ (FМ) диапазонды радио хабарларын тарату:

Р/с

Халық саны (мың адам)

Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт)

Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

4

1.

10-ды қоса алғанға дейін

100-ге дейін

5

2.

10-нан 50-ді қоса алғанға дейін

500-ді қоса алғанға дейін

9

3.

10-нан 50-ді қоса алғанға дейін

500-ден жоғары

18

4.

50-ден 100-ді қоса алғанға дейін

1000-ды қоса алғанға дейін

27

5.

50-ден 100-ді қоса алғанға дейін

1000-нан жоғары

53

6.

100-ден 200-ді қоса алғанға дейін

1000-ды қоса алғанға дейін

62

7.

100-ден 200-ді қоса алғанға дейін

1000-нан жоғары

93

8.

200-ден 500-ді қоса алғанға дейін

2000-ды қоса алғанға дейін

178

9.

200-ден 500-ді қоса алғанға дейін

2000-нан жоғары

266

10.

500-ден жоғары

5000-ды қоса алғанға дейін

488

11.

500-ден жоғары

5000-нан жоғары

732

      4) радиожиіліктің ҚТ, ОТ, ҰТ диапазонды радио хабарларын тарату үшін:

Р/с

Халық саны
(мың адам)

Хабар таратқыш
құралдың қуаты (Вт)

Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

4

1.

500-ден жоғары

100-ді қоса алғанға дейін

5

2.

100-ден 1000-ды қоса алғанға дейін

15

3.

1000-нан 10000-ды қоса алғанға дейін

30

4.

10000-нан 100000-ды қоса алғанға дейін

45

5.

100000-нан бастап

89

      6. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттың телнұсқасын бергені үшін алым мөлшерлемесі 2 АЕК құрайды.

      7. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне беретін сертификаттарды бергені үшін алым мөлшерлемелері:

      1) азаматтық әуе кемесін пайдаланушыны, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын пайдаланушыны сертификаттау туралы құжаттарды бергені үшін:

Р/с

Пайдаланушының штат саны (адам)

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

1.

Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау:

1.1.

50 адамды қоса алғанға дейін

1 144

 

 

 

1.2.

51 адамнан 200 адамды қоса алғанға дейін

1 232

1.3.

201 адамнан 400 адамды қоса алғанға дейін

1 272

1.4.

401 адамнан 600 адамды қоса алғанға дейін

1 319

1.5.

601 адамнан 1 200 адамды қоса алғанға дейін

1 363

1.6.

1201 адамнан 2000 адамды қоса алғанға дейін

1 407

1.7.

2001 адамнан көп

1 458

2.

Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау:

 

 

2.1.

50 адамды қоса алғанға дейін

78

2.2.

51 адамнан 200 адамды қоса алғанға дейін

831

2.3.

201 адамнан 400 адамды қоса алғанға дейін

871

2.4.

401 адамнан 600 адамды қоса алғанға дейін

918

2.5.

601 адамнан 1 200 адамды қоса алғанға дейін

962

 

 

2.6.

1 201 адамнан 2000 адамды қоса алғанға дейін

1 006

2.7.

2 001 адамнан көп

1 057

      2) азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына сертификаттар бергені үшін:

Р/с

Әуе кемелерін сертификаттау түрі
(санаты, салмағы)

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

1.

Ұшақтың ұшуға жарамдылығы

1.1.

136 000 килограмнан астам

450

1.2.

75000 килограмнан астам 136 000 килограмды қоса алғанға дейін

437

1.3.

2 қозғалтқышымен 30 000 килограмнан астам, 75 000 килограмды қоса алғанға дейін

328

1.4.

3 қозғалтқышымен 30 000 килограмнан астам, 75 000 килограмды қоса алғанға дейін

364

1.5.

4 қозғалтқышымен 30 000 килограмнан астам, 75 000 килограмды қоса алғанға дейін

401

1.6.

2 қозғалтқышымен 10 000 килограмнан астам, 30 000 килограмды қоса алғанға дейін

291

1.7.

3 қозғалтқышымен 10 000 килограмнан астам, 30000 килограмды қоса алғанға дейін

328

1.8.

4 қозғалтқышымен 10 000 килограмнан астам, 30000 килограмды қоса алғанға дейін

364

1.9.

5 700 килограмнан астам 10 000 килограмды қоса алғанға дейін

54

2.

Тікұшақтың ұшуға жарамдылығы

2.1.

10 000 килограмнан астам

145

2.2.

1 қозғалтқышымен 5 000 килограмнан астам, 10000 килограмды қоса алғанға дейін

91

2.3.

2 қозғалтқышымен 5 000 килограмнан астам, 10000 килограмды қоса алғанға дейін

127

2.4.

1 қозғалтқышымен 3 180 килограмнан астам, 5000 килограмды қоса алғанға дейін

54

2.5.

2 қозғалтқышымен 3 180 килограмнан астам, 5000 килограмды қоса алғанға дейін

72

3) азаматтық әуе кемесінің типіне сертификаттар бергені үшін:

Р/с

Әуе кемелерін сертификаттау түрі (санаты)

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

1.

Ұшақ

10 000

2.

Тікұшақ

5 000

3.

Басқа да ұшу аппараттары

1000

4) азаматтық әуе кемесінің данасына сертификаттар бергені үшін:

Р/с

Әуе кемелерін сертификаттау түрі (санаты)

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

1.

Ұшақ

10

2.

Тікұшақ

20

3.

Басқа да ұшу аппараттары

5

       

      5) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымға сертификаттар бергені үшін:

Р/с

Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның штат саны

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

1.

Әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету:

1.1.

10 адамға дейін

346

1.2.

11-ден 40 адамға дейін

364

1.3.

41-ден 70 адамға дейін

382

1.4.

71-ден 100 адамға дейін

400

1.5.

101-ден 150 адамға дейін

419

1.6.

151-ден 200 адамға дейін

437

1.7.

201 адамнан көп

455

2.

Әуе кемелеріне кезеңдік техникалық қызмет көрсету

2.1.

10 адамға дейін

418

2.2.

11-ден 40 адамға дейін

436

2.3.

41-ден 70 адамға дейін

454

2.4.

71-ден 100 адамға дейін

472

2.5.

101-ден 150 адамға дейін

491

2.6.

151-ден 200 адамға дейін

509

2.7.

201 адамнан көп

527

3.

Жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін қоспағанда, демонтаждалған компоненттеріне техникалық қызмет көрсету

218

4.

Жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін қоспағанда, бұзбай бақылау

145

5.

Күрделі жөндеусіз пайдаланылатын әуе кемесінің планеріндегі, авиақозғалтқыштардағы және авиациялық техниканың жинақтаушы бұйымдарындағы бақылау-қалпына келтіру жұмыстары (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары):

5.1.

10 адамға дейін

47

5.2.

11-ден 40 адамға дейін

69

5.3.

41-ден 70 адамға дейін

272

5.4.

71-ден 100 адамға дейін

290

5.5.

101-ден 150 адамға дейін

309

5.6.

151-ден 200 адамға дейін

327

5.7.

201 адамнан көп

345

6.

Әуе кемесінің интерьерін жаңарту (қайта жабдықтау)

145

7.

Әуе кемесін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды және авиациялық техника әзірлеушісінің бюллетеньдері мен құжаттамасы бойынша пысықтауды орындау

218

8.

Әуе кемелерін, авиақозғалтқыштарды және жинақтаушы бұйымдарды (агрегаттарды) оларға жаңа ресурстар (қызмет мерзімдері) орнатыла отырып күрделі жөндеу:

8.1.

10 адамға дейін

528

8.2.

11-ден 40 адамға дейін

546

8.3.

41-ден 70 адамға дейін

564

8.4.

71-ден 100 адамға дейін

582

8.5.

101-ден 150 адамға дейін

601

8.6.

151-ден 200 адамға дейін

619

8.7.

201 адамнан көп

637

      6) әуеайлақтың жарамдылығына сертификаттар бергені үшін:

Р/с

Әуеайлақ сыныбы (санаты)

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

1.

А немесе Б немесе В сыныбы /санатталмаған

1 349

2.

А немесе Б немесе В сыныбы - І санат

1 604

3.

А немесе Б немесе В сыныбы - ІІ немесе ІІІ санат

2 078

      7) тікұшақ айлағының жарамдылығына сертификаттар бергені үшін:

Р/с

Тікұшақ айлағының типі

Тікұшақ айлағының сыныбы

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

4

1.

Жер беті деңгейінде орналасқан

Жабдықталмаған I, II, III сынып

364

2.

Ішінара жабдықталған I, II, III сынып

419

3.

Жабдықталған I, II, III сынып

510

4.

Жерден сәл биікте

Жабдықталмаған I, II, III сынып

328

5.

Ішінара жабдықталған I, II, III сынып

382

6.

Жабдықталған I, II, III сынып

437

7.

Палубалық тікұшақ айлағы немесе тікұшақ палубасы

Жабдықталмаған I, II, III сынып

255

8.

Ішінара жабдықталған I, II, III сынып

309

9.

Жабдықталған I, II, III сынып

328

      8) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттарды бергені үшін:

Р/с

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеру бөлімшесінің штат саны

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі(АЕК)

1

2

3

1.

251 адамнан және одан көп

235

2.

201 адамнан 250 адамға дейін 

224

3.

151 адамнан 200 адамға дейін 

213

4.

101 адамнан 150 адамға дейін 

202

5.

51 адамнан 100 адамға дейін 

191

6.

50 адамға дейін 

180

      9) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге сертификаттар бергені үшін:

Р/с

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің штат саны

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

1.

201 адамнан және одан көп

12 600

2.

101 адамнан 200 адамға дейін

324

3.

51 адамнан 100 адамға дейін

313

4.

21 адамнан 50 адамға дейін

302

5.

11 адамнан 20 адамға дейін

190

6.

10 адамға дейін

180

Ескертпе: сертификаттың қызмет аясы кеңейтілген кезде

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесінен 10%

      8. Банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат құжаттарын, келісім бергені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №

Рұқсат құжаттарының түрлері

Алым мөлшерлемелері
(АЕК)

1

2

3

1.

Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына рұқсат

50

2.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына рұқсат

50

3.

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына елеулі қатысуына рұқсат

50

4.

Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуға келісім:

 

4.1.

жеке тұлғалар үшін

100

4.2.

заңды тұлғалар үшін

500

5.

Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуға келісім:

 

5.1.

жеке тұлғалар үшін

50

5.2.

заңды тұлғалар үшін

50

6.

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім

25

 

      9. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.