Жарияланған күні: 17.10.2018 09:13
Өзгертілген күні: 06.03.2023 19:11

Қарымсақов Бейбіт Еркинбайұлы Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

Бейбіт Қарымсақов Еркинбайұлы 1962 жылы дүниеге келген. 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, 2004 жылы Дулати атындағы   Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

1996 жылдан бастап - Алматы қаласының салық органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2003-2014 жылдары - Алматы қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, Алматы облысы бойынша Салық департаментінің бастығы, әрі қарай Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің бастығы қызметін атқарды.

Содан кейін,  Алматы әкімі аппаратының басшысы, "Астана ЭКСПО-2017 "Ұлттық компаниясы"АҚ Басқарушы директоры,  "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ " АҚ - да экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі  болып жұмыс атқарған.

 

Ешанкулов Сапарбек Еркинбекович Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

 

 

Ешанкулов Сапарбек Еркинбекович 1982 жылы 20 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген.

2004 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "экономист-бухгалтер" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы бойынша салық комитетінде маман болып бастаған.

2006 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінде акцизді өнімді әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысылауазымдарында жұмыс істеді.

2017 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бәйдібек ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2020 жылдан бастап Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық мониторинг басқармасында, Берешектермен жұмыс басқармасында, Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасында басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының бұйрығымен 2022 жылдың 3 қазанынан бастап Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Тұрысов Ерлан Әлімқұлұлы Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

Тұрысов Ерлан Әлімқұлұлы 1983 жылдың 5 сәуірінде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келген. 2004 жылы  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «кеден ісі» және 2012 жылы Тараз Инновациялық-гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2004 жылы Жамбыл облысының кедендік бақылау департаментінің жедел-кезекші бөлімінің маманы, Кадр басқармасының жарақтандыру, әскери, қызметтік және кәсіби даярлық бөлімінің маманы, аға маманы қызметтерінен бастаған.

2010 жылы Контрабандамен күрес басқармасының әкімшілік құқық бұзушылықпен күрес бөлімінің аға маманы лауазымдарын атқарған.

2012 жылдан бастап 2013 жыл аралығында Кедендік бақылау департаментінің ұйымдастыру және кадр жұмысы басқармасының кадр жұмысы бөлімінің басшысы, Астана қаласы бойынша кеден департаментінің ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2013 жылдан бастап 2015 жылдар аралығында еңбек жолын ҚР Қаржы министрлігі кадр жұмысы басқармасының кадр сұрақтарын үйлестіру бөлімінің бас сарапшысы, ҚР ҚМ кадр басқармасының сарапшысы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Адам ресурстары басқармасының сарапшысы болып жалғастырған.

2015 жылдан бастап 2018 жылдың 28 қыркүйегі аралығында Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Ақтау кедендік рәсімдеу орталығының» басшысы лауазымын атқарған.

2018  жылдың  28 қыркүйегінен  бастап  Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымда  қызмет  атқарады.

 

Жамалбеков Берик Жапарович

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

 Жамалбеков Берик Жапарович 1975 жылы 9 маусымда Алматы облысында дүниеге келген. 1994 жылы Талғар ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумын "техник - тауартанушы" мамандығы бойынша, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "экономист - маркетолог" мамандығы бойынша және 2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы "Алматықультбытстрой" АҚ тауартанушы болып бастаған.

1998 жылдан бастап Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2010 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің мәжбүрлеп өндіріп алу басқармасының өндіріп алу бөлімінің бастығы, салық аудиті басқармасының аудит сапасын бақылау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Салық басқармасының заңды тұлғалардың аудит бөлімін басқарды.

2013 жылғы тамыздан бастап Алматы қаласы бойынша Салық департаменті қосылған құн салығын әкімшілендіру басқармасы қосылған құн салығын әкімшілендіру бөлімінің басшысы, 2014 жылғы сәуірден бастап акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы.

2014 жылғы желтоқсанда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, 2019 жылдың қараша айынан бастап Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2021 жылғы 14 маусымда Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.