Жарияланған күні: 27.12.2018 14:55
Өзгертілген күні: 27.12.2018 14:57

     Бажсыз сауда кедендік рәсімі шетелдік тауарларға және Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕУЭО) тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде осындай тауарлар бажсыз сауда дүкендерінде болады және шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, бөлшек саудада өткізіледі.

         Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар:

  • ЕУЭО кедендік аумағынан кететін жеке тұлғаларға;
  • ЕУЭО кедендік аумағына келетін жеке тұлғаларға;
  • ЕУЭО мүше бір мемлекеттен ЕУЭО мүше екінші мемлекетке кететін жеке тұлғаларға және ЕУЭО мүше бір мемлекеттен ЕУЭО мүше екінші мемлекетке келетін жеке тұлғаларға;
  • ЕУЭО кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктерге, консулдық мекемелерге, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға немесе олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық персоналының мүшелеріне, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелеріне, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің персоналына (жұмыскерлеріне, лауазымды адамдарына) өткізіледі.

         Сонымен қатар, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары, олар:

      ЕУЭО кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктерге, консулдық мекемелерге, халықаралық ұйымдардың қараманындағы мемлекеттік өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарына не олардық өкіліктеріне, сондай-ақ дипломатиялық өкілінің дипломаттық персоналдың мүшелеріне, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, халықаралық ұйымдардың қараманындағы мемлекеттік өкілдіктерінің персоналына (қызметкерлерге, лауазымды адамдарға) тауарларды сату үшін көзделген бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары мыналар болып табылады:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес құжатты сканерлеу үшін құрылғының болуы;
  • бажсыз сауда дүкенінің аумағына жеке тұлғалардың кіруіне бақылау-өткізу режимінің болуы;
  • бажсыз сауда дүкені аумағында соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайларға (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар тұрған) кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйесінің болуы.