Жарияланған күні: 27.12.2018 14:59
Өзгертілген күні: 27.12.2018 15:03

        «Қазақстан Республикасындаға кедендік реттеу туралы» кодексінің 281 бабының,13 тармағында  еркiн кеден аймағы кедендiк рәсiмiнің мазмұны және қолданылуы рәсімделген және де комиссия еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесін және (немесе) тауарлардың санаттарын айқындауға құқылы.

         АЭА-да немесе жекелеген АЭА-да еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын, Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) тауарлардың тізбесін және (немесе) тауарлардың санаттарын уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

         Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) арнайы экономикалық аймақтарда немесе жекелеген арнайы экономикалық аймақтарда еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 217 бұйрығымен бекітілген.

         Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) АЭА немесе жекелеген АЭА еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға
жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесі

         Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) АЭА немесе жекелеген АЭА еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлар санаттарына мыналар жатады:

  • аталған аумақта шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында АЭА аумағына әкелінетін тауарлар (дәрі-дәрмек құралдары, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника);
  • аталған аумақта төтенше жағдайларды жою мақсатында АЭА аумағына әкелінетін тауарлар (төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккен адамдар арасында өтеусіз таратуға арналған дәрі-дәрмек құралдары, сондай-ақ материалдар, көлік және техникалық құралдар, арнайы құрал-жабдықтар);
  • аталған аумақта апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында АЭА аумағына әкелінетін тауарлар (материалдар, көлік және техникалық құралдар, арнайы жабдықтар);
  • аталған аумақта құқықты тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдары және қорғау қызметінің субъектілері АЭА-ның аумағына әкелетін тауарлар (қару (атыс, травматикалық) және оған арналған оқ-дәрілері, арнайы құралдар, көлік және техникалық құралдар).