Жарияланған күні: 29.11.2018 15:38
Өзгертілген күні: 29.11.2018 15:40

Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық комиссиясының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне сәйкес, келесіні хабарлайды.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап иесімен бірге жөнелтілетін және иесімен бірге жөнелтілмейтін багаждардың әкелу нормасы төмендейді

  1. Еуразиялық экономикалық одағының кеден аумағына теміржол және автомобиль көлік түрлерімен тасымалдау кезінде кедендік төлемдерді төлеуден босатыла отырып, жеке пайдалануға арналған нормасы 500 еуро және 25 кг аспайтын тауарларды.
  2. Еуразиялық экономикалық одағының кеден аумағына әуе көлігімен  тасымалдау кезінде кедендік төлемдерді төлеуден босатыла отырып, жеке пайдалануға арналған нормасы 10 000 еуро және 50 кг аспайтын тауарларды.
  3. Тауарларды халықаралық пошта жөнелтілімі бойынша жеке пайдалануға арналған тауарлар Еуразиялық экономикалық одағының кеден аумағына 1 ай күнтізбелік мерзімде бір жеке тұлғаның мекен-жайына салмағы 31 кг аспайтын және бағасы 500 евродан аспайтын тауарлар әкелуге рұқсат етіледі.

Әкелу ережесі бұзылған жағдайда құнынан 30 пайыз, бірақ 4 евро 1 кг  салмақ нормасынан асқанда бірыңғай кедендік алым, салығы ставкасы іске қосылады.

 

Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті