Жарияланған күні: 07.11.2018 17:13
Өзгертілген күні: 07.11.2018 17:15

1. Мемлекеттiк баж уәкiлетті мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар, оның ішінде құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) берумен байланысты әрекеттер жасағаны үшiн алынатын, бюджетке төленетін төлем болып табылады.

      2. Уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің тұрған жеріндегі салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мемлекеттік баж төлеушілер және олар есептеген мемлекеттік баж сомалары туралы ақпарат береді.

Мемлекеттік бажды төлеушілер

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға заңдық мәнi бар әрекеттер жасау жөнiнде өтiнiш жасайтын тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып табылады.

      2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесіне мемлекеттік баж сомаларын төлеу жөніндегі міндетті осындай құрылымдық бөлімше мүддесі үшін тиісті уәкілетті органдар заңдық мәні бар әрекеттер жасаған кезде жүктеуге құқылы.

Алу объектілері

1. Мемлекеттік баж:

      1) сотқа берiлетiн талап қою арыздарынан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан;

      2) нотариаттық әрекеттер жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi үшiн;

      3) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы анықтамалар мен қайтадан куәлiктер бергені және азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн;

      4) Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттар ресімдегені үшін;

      5) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдегені, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдағаны және келіскені үшін;

      6) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына визалар бергені, оны қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшін;

      7) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін;

      8) аңшы куәлiгiн (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшiн;

      9) өсімдіктердің, жануарлардың және бекiре тұқымдас балықтардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар бергенi үшiн;

      10) жеке басты куәландыратын құжаттар бергені үшін;

      11) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын иеленуге, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар бергені үшін;

      12) азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар бергені үшін;

      13) азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшін;

      14) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, үрлемелі энергиясы 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi 4,5 мм-ді қоса алғанға дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;

      15) Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға апостиль қойғаны үшiн;

      16) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін;

      17) iшкi iстер органдарының тiркеу-емтихан қабылдау бөлiмшелерiнде отыз күннен аспайтын мерзімде сақтауда тұрған автомобильге мемлекеттiк тiркеу нөмiрі белгілерін қоспағанда, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгілерін (телнұсқаларын) бергені үшін;

      18) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның осы Кодекстiң 614-бабында көзделген заңдық мәнi бар әрекеттер жасағаны үшiн;

      19) жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін;

      20) теңізшінің жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын және кәсіби диплом бергені үшін;

      21) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсаттар бергені үшін алынады.

  2. Егер осы Кодекстің 610-бабында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк баж мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік баж төлеу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі осы тараудың мәтіні бойынша – АЕК) еселенген мөлшерiнде немесе талап қою сомасының пайызымен айқындалады.

Соттардағы мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

      1. Сотқа берiлетiн талап қою арыздарынан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлеме алынады:

      1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мүліктік сипаттағы талап қою арыздарынан:

      жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1 пайызы;

      заңды тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 3 пайызы;

      2) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдардан – 0,3 АЕК;

      3) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдардан – 5 АЕК;

      4) тексеру актiлерi бойынша хабарламаларға дау айту туралы арыздардан:

      дара кәсiпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 пайызы, бірақ 500 АЕК-тен аспайтын мөлшер;

      заңды тұлғалар үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 1 пайызы, бірақ 20 мың АЕК-тен аспайтын мөлшер;

      5) некенi бұзу туралы талап қою арыздарынан – 0,3 АЕК.

      Неке бұзылған кезде мүлiк бөлінген жағдайларда баж осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасынан айқындалады;

      6) белгiленген тәртіппен хабарсыз кеткен деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап қою арыздарынан – осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;

      7) тұрғынжайды жалдау шартын өзгерту немесе бұзу туралы, мұраны қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, мүлiктi тыйым салудан босату туралы талап қою арыздарынан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап қою арыздарынан – 0,5 АЕК;

      8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу істері бойынша арыздардан (шағымдардан) – 0,5 АЕК;

      9) төрелік шешiмдерінiң күшін жою туралы өтінішхаттардан – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы талап қою арызы берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы талап қою арызы берілген кезде алынатын және арыз беруші даулап отырған соманы негізге ала отырып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінің – 50 пайызы;

      10) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттiк баж мөлшерлемелерінің 50 пайызы;

      11) атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан – 5 АЕК;

      12) сот шешiмдерiнің, үкiмдерiнің, ұйғарымдарының, соттардың өзге де қаулыларының көшiрмелерiн (телнұсқаларын), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да тұлғалардың өтiнiмi бойынша соттар беретін істің басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан – әрбiр құжат үшiн 0,1 АЕК, сондай-ақ әрбiр дайындалған бет үшiн 0,03 АЕК;

      13) заңды тұлғаларды банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы арыздардан – 0,5 АЕК;

      14) абыройды, қадір-қасиетті және іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянды ақшалай мәнде өтеуді өндіріп алу туралы жеке тұлғалардың талап қою арыздарынан – талап қою сомасының 1 пайызы;

      15) іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген залалдарды өндіріп алу туралы заңды тұлғалардың талап қою арыздарынан – талап қою сомасының 3 пайызы.

      2. Төрелік шешімдерінің күшін жою және төреліктің және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру мәселелері жөніндегі ұйғарымдарға, мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша соттардың шешімдеріне және қаулыларына сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттардан мемлекеттік баж осындай даулар бойынша талап қою арызы (арыз) берілген кезде осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынады.

      3. Бір мезгілде мүлiктiк сипаттағы және мүлiктiк емес сипаттағы талаптарды қамтитын талап қою арыздары үшiн мүлiктiк сипаттағы талап қою арыздары үшін және мүлiктiк емес сипаттағы талап қою арыздары үшін белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.

Нотариаттық әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

      Нотариаттық әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:

      1) қалалық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғынжайларды, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:

      егер тараптардың бiрi заңды тұлға болып табылса – 10 АЕК;

      құны 30 АЕК-ке дейiн:

      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 1 АЕК;

      басқа адамдарға – 3 АЕК;

      құны 30 АЕК-тен жоғары:

      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 5 АЕК;

      басқа адамдарға – 7 АЕК;

      егер мәмiле ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша алынған қаражат есебiнен жылжымайтын мүлiктi сатып алу мақсатында жасалатын болса – 2 АЕК;

      2) ауылдық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғынжайларды, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:

      егер тараптардың бiрi заңды тұлға болып табылса – 1 АЕК;

      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнілерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 0,5 АЕК;

      басқа адамдарға – 0,7 АЕК;

      3) автомотокөлiк құралдарын иелiктен шығару шарттарын куәландырғаны үшiн:

      егер тараптардың бiрi заңды тұлға болып табылса – 7 АЕК;

      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 2 АЕК;

      басқа адамдарға – 5 АЕК;

      4) жалдау, қарыз, (ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттарын қоспағанда), кепiлақы, лизинг, мердiгерлiк шарттарын, неке келiсiмшарттарын, ортақ меншiктегi мүлiкті бөлу, мұрагерлiк мүлiктi бөлу шарттарын, алименттердi төлеу жөнiндегi келiсiмдердi, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшiн – 5 АЕК;

      5) ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттарын куәландырғаны үшiн – 2 АЕК;

      6) өсиетхаттарды куәландырғаны үшiн – 1 АЕК;

      7) мұрагерлiкке құқық туралы куәлiктер бергені үшiн – әрбір берiлген куәлiк үшін 1 АЕК;

      8) ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске және бiрлескен ортақ меншiк құқығында мүлкi бар өзге адамдардың меншiк құқығы туралы куәлiктер бергені үшiн – 1 АЕК;

      9) мүлiктi пайдалану және оған билік ету құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 0,5 АЕК;

      10) автокөлiк құралдарын сату құқығынсыз пайдалану және басқару құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 1 АЕК;

      11) автокөлiк құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 2 АЕК;

      12) өзге сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн:

      жеке тұлғалар үшін – 0,1 АЕК;

      заңды тұлғалар үшін – 0,5 АЕК;

      13) мұрагерлік мүлiктi қорғау жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн – 1 АЕК;

      14) теңiздiк наразылығын жасағаны үшiн – 0,5 АЕК;

      15) құжаттардың көшiрмесi мен құжаттардың үзiндi көшiрмесiнің дұрыстығын куәландырғаны үшiн (әр бетiне):

      жеке тұлғалар үшін – 0,05 АЕК;

      заңды тұлғалар үшін – 0,1 АЕК;

      16) құжаттардағы қойылған қолдың төлнұсқалығын, сондай-ақ құжаттардың бiр тiлден екінші тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшiн (әрбір құжат үшiн):

      жеке тұлғалар үшін – 0,03 АЕК;

      заңды тұлғалар үшін – 0,1 АЕК;

      17) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бергенi үшiн – 0,2 АЕК;

      18) құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн бергенi үшiн – 0,2 АЕК;

      19) телнұсқа бергенi үшiн – 1 АЕК;

      20) екінші деңгейдегі банктерде шоттар ашқан кезде қойылған қолдардың төлнұсқалығын куәландырғаны үшiн (әрбір құжат үшiн):

      жеке тұлғалар үшін – 0,1 АЕК;

      заңды тұлғалар үшін – 0,5 АЕК;

      21) жылжымайтын мүлiк кепiлі шарттарын, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәлiктердi куәландырғаны үшiн – 2 АЕК; өзге де кепiл шарттарын куәландырғаны үшiн – 7 АЕК;

      22) вексель наразылығын жасағаны үшiн және чектiң төленбегенiн куәландырғаны үшiн – 0,5 АЕК;

      23) атқарушылық жазба жасағаны үшін – 0,5 АЕК;

      24) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшiн - әрбір айға 0,1 АЕК;

      25) кепiлгерлiк пен кепiлдiк шарттарын куәландырғаны үшiн – 0,5 АЕК;

      26) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген басқа да нотариаттық әрекеттердi жасағаны үшiн – 0,2 АЕК.

Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

      Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер, сондай-ақ азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн мемлекеттік баж мынадай мөлшерде алынады:

      1) неке қиюды тiркегенi үшiн – 1 АЕК;

      2) неке бұзуды тiркегенi үшiн:

      кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша – 2 АЕК;

      сот шешiмi негiзiнде – 1,5 АЕК (ерлi-зайыптылардың бiреуiнен немесе екеуiнен);

      белгіленген тәртiппен хабарсыз кеткен деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнің кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде – 0,1 АЕК;

      3) тегiн, атын немесе әкесiнiң атын өзгертуді тiркегенi үшiн – 2 АЕК;

      4) азаматтық хал актiлерiнің жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн – 0,5 АЕК;

      5) азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктердi бергенi үшiн – 1 АЕК;

      6) шетел азаматтарының ұл бала (қыз бала) асырап алуын тiркегенi үшiн – 2 АЕК;

      7) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар бергені үшін – 0,3 АЕК;

      8) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 0,5 АЕК;

      9) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін қоспағанда, шет мемлекеттерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 1 АЕК.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрген немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кездегi мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

      Қазақстан Республикасының визаларын беруге, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеуге, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеуге және келісуге, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға байланысты әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай құқыққа визалар бергенi, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшiн:

      Қазақстан Республикасынан кетуге – 0,5 АЕК;

      Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге – 7 АЕК;

      көп рет Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге – 30 АЕК;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдегені үшін – 1 АЕК;

      3) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдегені, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскені үшін – әрбір шақырылушы үшін 0,5 АЕК;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн – 1 АЕК                                                                                                                                                     Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның заңдық мәні бар әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

      Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның заңдық мәні бар әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады: 

      1) тауар белгісін жалпыға бірдей белгілі деп танығаны үшiн – 1 АЕК;

      2) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттағаны үшiн – 15 АЕК;

      3) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл ретінде тiркегені үшiн – 1 АЕК.

Өзге де әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

      Өзге де әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:

      1) аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін – 2 АЕК;

      2) өсімдіктердің, жануарлардың және бекiре тұқымдас балықтардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар бергенi үшiн – 2 АЕК;

      3) мыналарды:

      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін бергенi үшiн – 8 АЕК;

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігiн, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, уақытша жеке куәлік бергенi үшiн – 0,2 АЕК;

      4) мыналарға:

      заңды тұлғаларға:

      азаматтық, қызметтік қарудың және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды бергені үшін – 2 АЕК;

      азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды бергені үшін – 2 АЕК;

      азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергенi үшiн – 1 АЕК;

      азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергенi үшiн – 1 АЕК;

      азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн – 2 АЕК;

      азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшiн – 1 АЕК;

      азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын иеленуге рұқсат бергені үшін – 3 АЕК;

      азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат бергені үшін – 3 АЕК;

      жеке тұлғаларға:

      азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат бергенi үшiн – 0,5 АЕК;

      азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергенi үшiн – 0,5 АЕК;

      азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергенi үшiн – 0,5 АЕК;

      азаматтық қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн – 0,1 АЕК;

      азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшiн – 0,5 АЕК;

      5) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, үрлемелі энергиясы 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi 4,5 мм-ді қоса алғанға дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн – 0,1 АЕК;

      6) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн – 0,1 АЕК;

      7) Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға апостиль қойғаны үшiн – әрбір құжат үшін 0,5 АЕК;

      8) мыналарды:

      жүргiзушi куәлiгiн бергенi үшiн – 1,25 АЕК;

      көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкті бергенi үшiн – 1,25 АЕК;

      егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн – 2,8 АЕК;

      автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын 2 бірлікте бергені үшін - 2,8 АЕК;

      автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын 1 бірлікте бергені үшін – 1,4 АЕК;

      автомобильге цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергені үшін - 57 АЕК;

      автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергені үшін - 114 АЕК;

      автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 137 АЕК;

      автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 194 АЕК;

      автомобильге цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 228 АЕК;

      автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 285 АЕК;

      автомобильге әріптік белгіленуі бірдей (цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 777, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 57 АЕК;

      мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн – 1,4 АЕК;

      мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiнің телнұсқасын бергенi үшiн – 1,4 АЕК;

      көлiк құралын айдап әкелуге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн (транзиттiк) бергенi үшiн – 0,35 АЕК.

      Бұл ретте мемлекеттік органның қарамағындағы автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері 2,8 АЕК-ті құрайды;

      9) мыналарды:

      тракторшы-машинист куәлiгiн бергенi үшiн – 0,5 АЕК;

      тракторларға, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, олардың тiркемелеріне (арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда), өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн бергенi үшiн – 1 АЕК;

      тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тiркемелерiн (арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда), өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi мемлекеттiк тiркеу үшiн техникалық паспорт бергенi үшiн –0,5 АЕК;

      10) жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін – 0,25 АЕК;

      11) мыналарды:

      теңізшінің жеке куәлігін бергені үшін – 5 АЕК;

      Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын бергені үшін – 3,5 АЕК;

      кәсіби дипломды бергені үшін – 2 АЕК.

616-бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату

      Соттарда мыналар мемлекеттік баж төлеуден босатылады:

      1) талапкерлер – еңбекке ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу туралы талап қою және еңбек қызметiне байланысты басқа да талаптар бойынша;

      2) талапкер авторлар, орындаушылар және олардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар – авторлық құқықтан және аралас құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;

      3) талапкерлер – өнеркәсіптік меншік объектілерінің авторлары – өнертабысқа, пайдалы модельдерге және өнеркәсiптiк үлгiлерге құқықтан туындайтын талап қою бойынша;

      4) талапкерлер – алименттердi өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;

      5) талапкерлер – мертiгуден немесе денсаулығын өзге де зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша;

      6) талапкерлер – қылмыстық құқық бұзушылықтан келтiрiлген материалдық залалды өтеу туралы талап қою бойынша;

      7) iске қатысы жоқ тұлғалардан басқа жеке және заңды тұлғалар – оларға қылмыстық iстерге және алимент бойынша iстерге байланысты құжаттар берілгенi үшiн;

      8) талапкерлер – Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу арқылы мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу есебіне мемлекет кiрiсiне қаражат өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;

      9) арыз берушілер – азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарының, азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің республикалық референдумға қатысу құқықтарының бұзылуы туралы арыздар бойынша;

      10) бiлiктi еңбек жұмыскерлерін және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жұмысшы кадрларды даярлауды қамтамасыз ететiн кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлер – оқу орындарын өз бетінше тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды ұстауға мемлекет шеккен шығыстарды өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауға сотқа арызбен жүгiнген жеке және заңды тұлғалар;

      12) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредиттердi, сондай-ақ мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қайтару жөнiнде талап қоюмен сотқа жүгiнген сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент);

      13) талапкерлер – Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі – барлық iстер мен құжаттар бойынша;

      14) талапкерлер-оралмандар – Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық iстер мен құжаттар бойынша;

      15) жеке және заңды тұлғалар – сотқа мынадай арыздар бергенi үшін:

      іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы сот ұйғарымының күшiн жою немесе арызды қараусыз қалдыру туралы;

      шешiм орындауды кейiнге қалдыру немесе оның мерзiмiн ұзарту туралы;

      шешiмдi орындаудың тәсілі мен тәртiбiн өзгерту туралы;

      талап қоюды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқаларымен ауыстыру туралы;

      жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың шешiмдерiн, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы;

      сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту туралы;

      өткiзiп алған мерзiмдердi қалпына келтiру туралы сот шешiмдерiнің орындалуын бұру туралы;

      соттың сырттай жасалған шешімінің күшін жою туралы;

      арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру туралы;

      сондай-ақ:

      сот орындаушыларының әрекеттерiне шағымдар;

      соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар;

      сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар;

      әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға шағымдар;

      16) прокуратура органдары – барлық талап қоюлар бойынша;

      17) мемлекеттiк мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары – үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қорғау жағдайларын қоспағанда, талап қойған және сот шешiмдерiне шағым жасаған кезде;

      18) мүгедектердiң қоғамдық бірлестіктері және (немесе) кемінде 35 пайызы есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс істейтін, өздері құрған ұйымдар – өздерiнiң мүдделері үшін талап қоюды берген кезде;

      19) сақтандырушылар мен сақтанушылар – мiндеттi сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қою бойынша;

      20) талапкерлер мен жауапкерлер – азаматқа заңсыз сотталудан, күзетпен қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын заңсыз қолданудан не қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан келтiрiлген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;

      21) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның филиалдары, өкілдіктері мен ведомстволары – өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап қою берген кезде;

      22) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының тарату комиссиялары – тарату ісін жүргізу мүддесінде берілген талап қою, арыздар, шағымдар бойынша;

      23) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының уақытша әкімшіліктері – уақытша әкімшіліктің мүддесінде берілген талап қою, арыздар, шағымдар бойынша;

      24) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттiк берілген банктер - мынадай талап қоюды берген кезде:

      бюджет қаражаты есебiнен қайтарымды негiзде берiлген кредиттер бойынша берешектi өндiрiп алу туралы;

      мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы;

      борышкерлердiң сыртқы мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен берiлген қарыздар бойынша мiндеттемелердi орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы;

      25) облигация ұстаушылардың өкілдері – эмитенттердің облигация шығару проспектісінде белгіленген міндеттемелерді орындамауы мәселелері бойынша облигация ұстаушылардың атынан талап қоюды берген кезде;

      26) банкроттықты және оңалтуды басқарушылар — Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкiлеттiктерi шегiнде банкроттық рәсімі, оңалту рәсiмi мүддесінде талап қоюды берген кезде;

      27) ішкі істер органдары – Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жіберуге байланысты мәселелер бойынша арыздар берген кезде;

      28) талап қоюшылар (арыз берушілер) – қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, оның ішінде белгіленбеген тұлғалар тобының мүдделерін көздей отырып қорғау туралы талап қоюлар (арыздар) бойынша;

      29) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым – талаптар қою және сот шешімдеріне шағым жасау кезінде.

      Осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар сот актілеріне шағым жасаған кезде де соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Нотариаттық әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату

      Нотариаттық әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады:

      1) жеке тұлғалар - өздерiнің мүлiктi мемлекет пайдасына сыйға тарту өсиеттерiн, шарттарын куәландырғаны үшiн;

      2) мемлекеттiк мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) бергенi үшiн, сондай-ақ осы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшiн;

      3) жеке тұлғалар - оларға:

      Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде, өзге де мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға байланысты не адам өмiрiн құтқарып қалу, мемлекеттiк меншiктi және құқықтық тәртiптi қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкiне;

      егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнге мұра қалдырушымен кемiнде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейiн де осы тұрғынжайда тұрып жатса, тұрғынжайға немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативiндегi пайға;

      сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерiне, мемлекеттiк қарыз облигацияларына, еңбекке ақы төлеу сомаларына, авторлық құқықтарға, авторлық гонорар және ашқан жаңалықтар, өнертабыстар мен өнеркәсiптiк үлгiлер үшiн сыйақы сомаларына;

      ақталған азаматтардың мүлкiне мұрагерлік құқық туралы куәлiктер бергенi үшін;

      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;

      5) оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық әрекеттер бойынша;

      6) "Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық әрекеттер бойынша;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке тұлғалар - өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алғаны үшiн;

      8) "Қазақстан мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы" одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндiрiстiк кәсiпорындары – барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;

      9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар он сегіз жасқа толғанға дейін – оларға мұрагерлікке құқық туралы куәліктер берілгені үшін.

 

 

Азаматтық хал актiлерiн тiркеген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату

      Азаматтық хал актiлерiн тiркеген кезде мыналар растайтын құжаттарын көрсеткен кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - туу туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін;

      2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн;

      3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы куәлiктер өздеріне қайтадан берiлгенi немесе бұрын берiлгендерін ауыстырғаны үшiн;

      4) жеке тұлғалар - ұл бала (қыз бала) асырап алуға және әкесін анықтауға байланысты туу туралы куәліктер қайтадан берілгені үшін.

 

Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату

      1. Мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады:

      1) жаппай қуғын-сүргiн, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, адамгершілікке жат өзге де саяси акциялар салдарынан Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және олардың ұрпақтары – Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдегені үшін;

      2) оралмандар – Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдегені үшін.

      2. Көрсетілген мемлекеттiк баж төлеуден босату бiр рет берiледi.

 

Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган заңдық мәнi бар әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату

      Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган заңдық мәнi бар әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден мыналар босатылады:

      1) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;

      2) мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы және жатақханаларда тұратын мектеп-интернаттардың, кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлердiң оқушылары;

      3) оралмандар;

      4) Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерiмен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, "Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі, сондай-ақ Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.

Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келтірген немесе ұзартқан кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату

      Мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады:

      1) Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде:

      Қазақстан Республикасымен консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы келісім бар елдердің жеке және заңды тұлғалары;

      мыналарға:

      Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақырулары бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктер;

      Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;

      шетелдік инвесторларға;

      этникалық қазақтарға;

      өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруларды келісу туралы өтінішхат беретін қабылдаушы тұлғалар;

      2) мыналарға:

      Қазақстан Республикасына келетін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетіндерге;

      Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;

      этникалық қазақтарға;

      өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;

      шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарының жерлеуіне баратын, бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болған адамдарға;

      шетелдік инвесторларға Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға виза бергені, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшін;

      3) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар бастапқы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін.

 

Өзге де әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату

Мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады:

1) қылмыстық iсте азаматтық талап қоюды қойған кезде;

2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қойған кезде;

3) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер қайтадан берілген кезде - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы өтініш жасаған азаматтар;

4) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктері, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерi берілген кезінде:

Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;

үш дәрежелі Даңқ орденінің және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған;

"Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі;

қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын, мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;

5) автомобильге, автомобильдің тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі берілген кезде:

Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған адамдар;

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі;

Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.

Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi

      1. Мемлекеттiк баж:

      1) соттар қарайтын істер бойынша – Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 106-бабының үшінші бөлігінде көзделген істерді қоспағанда, тиісті арыз (шағым) немесе сот бұйрығын шығару туралы арыз берілгенге дейін, сондай-ақ сот құжаттардың көшірмелерін берген кезде;

      2) нотариаттық әрекеттердi орындағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың көшiрмелерiн, телнұсқаларды бергенi үшiн – жасалған нотариаттық әрекеттi тiркеген кезде;

      3) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн, азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерістер, толықтырулар, қалпына келтірулер мен түзетулер енгiзгенi үшiн, сондай-ақ анықтамалар және қайтадан куәлiктер бергенi үшiн – оларды берген кезде;

      4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша неке бұзуды мемлекеттiк тiркегенi үшiн – актiні тiркеген кезде;

      5) мыналарды:

      Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бергені үшін;

      жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін (рұқсат беру куәлігінің телнұсқасын) бергені үшін;

      аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін;

      өсімдіктердің, жануарлардың және бекiре тұқымдас балықтардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар бергенi үшiн;

      азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын иеленуге, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар, сондай-ақ комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін;

      азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсаттар бергені үшін;

      жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа да құрылғыларды, үрлемелі энергиясы 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi 4,5 мм-ді қоса алғанға дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;

      Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты iстер бойынша;

      зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның тауар белгісін жалпыға бірдей белгiлi деп тануға, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкілдердi аттестаттауға және патенттік сенiм бiлдiрiлген өкіл ретінде тiркеуге байланысты заңдық мәні бар әрекеттер жасағаны үшiн;

      теңізшінің жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын және кәсіби дипломды бергені үшін тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

      6) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын бергені үшін – тиісті құжаттарды, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын бергенге дейін;

      7) Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қойғаны үшiн - апостиль қойғанға дейiн төленеді.

      2. Мемлекеттiк баж уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жерi бойынша есепке жатқызылады.

      3. Мемлекеттік баж сомаларын бюджетке төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде қолма-қол ақшаны енгізу жолымен жүргізіледі.

      4. Мемлекеттік баж сомалары қолма-қол ақшамен төленген кезде мұндай қабылданған мемлекеттік баж сомаларын уәкілетті мемлекеттік органдар ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға кейіннен оларды бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері АЕК-тің 10 еселенген мөлшерінен аз болса, ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады.

 

Консулдық алым

Консулдық алым Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері консулдық әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттар бергені үшін шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан, бейрезидент-шетелдік заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алатын, бюджетке төленетін төлем болып табылады.

Консулдық алым төлеушiлер

      Осы Кодекстің 626-бабында көзделген консулдық әрекеттер өздерінің мүдделерi үшiн жасалатын шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және бейрезидент-шетелдiк заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары консулдық алым төлеушiлер болып табылады.

Алу объектілері

      Консулдық алым мынадай консулдық әрекеттер жасағаны үшін алынады:

      1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру туралы өтініштерін пысықтау және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне визалар беру (визалық қолдау) туралы нұсқама жіберу;

      3) Қазақстан Республикасының визаларын беру;

      4) Қазақстан Республикасына қайта оралуға куәлік беру;

      5) шетелде болу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтiнiшхаттарын ресiмдеу;

      6) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi бойынша құжаттарды ресiмдеу;

      7) азаматтық хал актiлерiн тiркеу;

      8) құжаттарды талап етіп алдыру;

      9) құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ апостильдеу үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі өткізу;

      10) нотариаттық әрекеттер жасау;

      11) консулдық мекемеде өсиеттерді, құжаттар бар пакетті (өсиеттен басқа), ақшаны, бағалы қағаздарды және басқа да құндылықтарды (мұрагерлікті қоспағанда) сақтау;

      12) жария сауда-саттықтарда тауарларды немесе өзге де мүлікті сату;

      13) мүлікті немесе ақшалай сомаларды тиесілігі бойынша беру үшін алты айға дейінгі мерзімге депозитке қабылдау;

      14) заңды тұлғалардың мекенжайына дипломатиялық поштамен құжаттар жіберу;

      15) кеме шетелден сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлік беру;

      16) Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа да құжатты жасау немесе куәландыру;

      17) шетелдегі Қазақстан Республикасы кемесінің немесе жүгінің опат немесе зақымдануы (кемелердің кеме апатына ұшырауы) жағдайында теңіз наразылығы туралы акт жасау;

      18) заңдық мәні бар өзге де құжаттар (анықтамалар) беру.

 

Консулдық алым мөлшерлемелері

      1. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін;

      2) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін белгілейді.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгіленген консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлері шегінде шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекітеді.

      Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген консулдық алым мөлшерлемелері болмаған кезде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайтын, басқа шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін белгіленген консулдық алым мөлшерлемелері қолданылады.

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген мөлшерлемелерге қосымша өзара түсіністік қағидаты негізінде жеделдеткені үшін консулдық алым мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы.

 

Консулдық алым төлеуден босату

      Консулдық алым:

      1) осы Кодекстің 617622-баптарында көзделген жағдайларда;

      2) Қазақстан Республикасымен консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы келiсiм бар елдердiң жеке және заңды тұлғаларынан;

      3) Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарттар жасасқан елдердің билік орындары мен жекелеген азаматтарының сұрау салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық iстер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттiк жәрдемақылар мен зейнетақылар туралы, ұл бала (қыз бала) асырап алу туралы құжаттарды талап етіп алдырғаны үшiн;

      4) мыналарға:

      Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

      Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына;

      қызметтік істер бойынша шетелге шығатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне – Қазақстан Республикасының дипломатиялық, қызметтік немесе ұлттық паспорт иелеріне;

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері персоналының отбасы мүшелеріне;

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері қызметкерінің немесе жұмыскерінің сырқаттануына немесе қайтыс болуына байланысты шетелге шығатын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері персоналының жақын туыстарына және олармен бірге жүретін адамдарға визалар беру туралы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге және консулдық мекемелерге нота жасағаны және басып шығарғаны үшін;

      5) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру туралы өтініштерін пысықтағаны және:

      Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

      республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдарға, конференцияларға және өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шараларға) қатысу үшін Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;

      Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;

      халықаралық ұйымдардың қызметтік істер бойынша Қазақстан Республикасына баратын қызметкерлеріне;

      өзара түсіністік қағидаты негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;

      инвесторлық визаларды;

      Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға;

      өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға визалар беру (визалық қолдау) туралы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне нұсқама жібергені үшін;

      6) мыналарға:

      Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

      республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдарға, конференцияларға және өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шараларға) қатысу үшін Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;

      Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;

      халықаралық ұйымдардың қызметтік істер бойынша Қазақстан Республикасына баратын қызметкерлеріне;

      өзара түсіністік қағидаты негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;

      қызметтік істер бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге – дипломатиялық және қызметтік паспорт иелеріне;

      өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;

      Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға;

      шетелде тұрақты тұратын және жақын туыстарының жерлеуіне Қазақстан Республикасына баратын, Қазақстан Республикасының бұрынғы азаматтарына визалар;

      инвесторлық визаларды;

      қызметтік визаларды;

      дипломатиялық визаларды бергені үшін;

      7) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар бастапқы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін;

      8) жоғалту, дүлей зілзала немесе басқа да форс-мажорлық мән-жайлар салдарынан құжаттары мен ақшасы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасына қайта оралуға куәліктер және анықтамалар бергені үшін;

      9) шетелде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәйіті салынған табыттар мен урналарды Қазақстан Республикасына жіберген кезде қайтыс болу туралы куәліктер және анықтамалар бергені үшін;

      10) өзара түсіністік қағидаты негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің өтінішхаттары бойынша құжаттарды талап етіп алдырғаны үшін;

      11) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы талап етіп алдырған құжаттарын заңдастырғаны үшін;

      12)      өзара түсіністік қағидаты негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өтінішхаттары бойынша құжаттарды заңдастырғаны үшін;

      13) шетелде уақытша және тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ шетелдіктерге асырап алуға берілген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды консулдық есепке қойғаны және консулдық есептен шығарғаны үшін алынбайды.

Консулдық алымды төлеу тәртiбi

      1. Консулдық алым консулдық әрекеттер жасалғанға дейiн төленедi.

      2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық әрекеттерді төлеушi консулдық алымды төлегеннен кейiн жүзеге асырады.

      3. Мөлшерлемесі АҚШ долларымен белгiленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу алымды төлеу күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргiзiледi.

      4. Консулдық алым:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында – екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен бюджетке консулдық әрекеттер жүзеге асырылатын жер бойынша немесе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленеді.

      Консулдық алым қолма-қол ақшамен төленген жағдайда, консулдық алымның осы сомасын уәкілетті мемлекеттік орган ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға кейіннен оларды бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері АЕК-тің 10 еселенген мөлшерінен аз болса, ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады;

      2) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде – шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменiң банктік шотына банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленедi.

      5. Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық әрекеттер жасалатын елдің валютасымен немесе кез келген басқа еркін айырбасталатын валютамен жүргізіледі.

      6. Шетелде қабылданған консулдық алым сомаларын дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме олар қабылданған күннен бастап операциялық он күннен кешіктірмей дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің шетелдік банкіне шетелдік банктік шотқа есепке жатқызу үшін тапсырады.

      Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі орналасқан елдің валютасымен шетелдік банктік шотқа түскен консулдық алымдарды шетелдік банк дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің тапсырмасы бойынша АҚШ долларына, евроға, ағылшын фунт стерлингіне, швейцар франкіне, Канада долларына, жапон иеніне, Ресей рубліне, Қытай юаніне айырбастайды.

      Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігінің немесе консулдық мекемесінің бірінші қол қою құқығы бар басшысы шетелдік банктік шотқа билік етуші болып табылады.

      Шетелдік банктік шотқа түскен консулдық алымдарды дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің валюталық шотына одан әрі бюджет кірісіне есепке жатқызу үшін аударады. Егер дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге консулдық алымдардан түсетін ай сайынғы түсімдер 1 000 АҚШ долларынан аз болса, оның есепті кезеңнің соңындағы бағамы бойынша осы тармақта көрсетілген валюта түрлеріндегі баламасын құраса, аудару тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме аударған консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен шетелдік валютадағы корреспондеттік шоттар бойынша үзінді көшірмелерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық нысандағы төлем құжаттарын қоса бере отырып, республикалық бюджет кірісіне аударады.