Жарияланған күні: 26.09.2018 12:04
Өзгертілген күні: 31.10.2018 17:17

Жер салығы

         Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және тиісті санаттарға тиесілі болуына қарай қарастырылады.

       Жердің белгілі бір санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленедi. Елдi мекендердің жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:

      1) тұрғын үй қорын, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, елдi мекендердің жерi;

      2) тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер.

Жер салығы:

      1) сәйкестендіру құжаттары: меншік құқығының актісі, тұрақты жер пайдалану құқығының актісі, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығының актісі;

      2) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде есептеледi.

 

Төлеушілер

      1. Мынадай:

      1) жеке меншiк құқығында;

      2) тұрақты жер пайдалану құқығында;

      3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығында салық салу объектiлерi бар тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.

 

Мыналар жер салығын төлеушiлер болып табылмайды:

      1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер – осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша;

      2) мемлекеттік мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары;

      3) қылмыстық жазаларды атқару саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;

      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң, мүгедек балалардың ата-анасының бipeуi, жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:

      тұрғын-үй қоры, оның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;

      үй маңындағы жер учаскелерi;

      құрылыс алып жатқан жердi қоса алғанда, жеке (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскелерi;

      гараждар орналасқан жер учаскелерi бойынша;

      5) "Батыр ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар:

      тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;

      үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;

      6) жеке тұратын зейнеткерлер:

      тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;

      үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;

      7) дiни бiрлестiктер.

      Осы Кодекстің мақсаттары үшін заңды мекенжайы (олардың тұратын жерінің мекенжайы) бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген зейнеткерлер жеке тұратын зейнеткерлер деп танылады.

      4. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) – 7) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе мүлікті жалға беру (жалдау) шарты бойынша берілген жер учаскелері бойынша салық төлеушілер болып табылады.

     

          Жеке тұлғалардың бірлескен ортақ меншігіндегі салық салу объектілері бойынша осы салық салу объектісінің меншік иелерінің арасындағы келісіммен олардың біреуі салық төлеуші болуы мүмкін.

      Бұл ретте меншік құқығын мемлекеттік тіркеу 2017 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жүргізілген бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша меншік иелері осындай объектіге меншік құқығын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға өтініште көрсеткен осы салық салу объектісінің меншік иелерінің бірі салық төлеуші болуы мүмкін.

       Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты жер салығын төлеуші ретінде тану үшін:

      1) жер учаскесі мемлекеттік меншіктен берілген кезде – мемлекеттік органдардың жер учаскесін беру туралы актілері;

      2) қалған жағдайларда – азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осындай учаскені іс жүзінде иелену және пайдалану негіз болып табылады.

 

Салық салу объектісі

 

         Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде – жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.

 

Салықтық база

      Жер салығын айқындау үшiн жер учаскесiнiң және (немесе) жер үлесінің алаңы салықтық база болып табылады

 

         Жеке тұлғаларға берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер

      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға тиісті қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, жеке (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшiн берiлген елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер мынадай мөлшерлерде белгiленедi:

      1) 0,50 гектарға дейiн қоса алғанда алаң болған кезде – 0,01 гектар үшiн 20 теңге;

      2) 0,50 гектардан асатын алаңға – 0,01 гектар үшiн 100 теңге.

505-бап. Елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер

      Елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мына мөлшерлерде белгіленеді:

 

Елді мекеннің санаты

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге)

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге)

 
 

1

2

3

4

 

 

Қалалар:

 

 

 

1.

Алматы

28,95

0,96

 

2.

Астана

19,3

0,96

 

3.

Ақтау

9,65

0,58

 

4.

Ақтөбе

6,75

0,58

 

5.

Атырау

8,2

0,58

 

6.

Қарағанды

9,65

0,58

 

7.

Қызылорда

8,68

0,58

 

8.

Көкшетау

5,79

0,58

 

9.

Қостанай

6,27

0,58

 

10.

Павлодар

9,65

0,58

 

11.

Петропавл

5,79

0,58

 

12

Талдықорған

9,17

0,58

 

13.

Тараз

9,17

0,58

 

14.

Орал

5,79

0,58

 

15.

Өскемен

9,65

0,58

 

16.

Шымкент

9,17

0,58

 

17.

Алматы облысы

 

 

 

18.

облыстық маңызы бар қалалар

6,75

0,39

 

19.

аудандық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

 

20.

Ақмола облысы:

 

 

 

21.

облыстық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

 

22.

аудандық маңызы бар қалалар

5,02

0,39

 

23.

Облыстық маңызы бар қалған қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы

0,39

 

24.

Аудандық маңызы бар қалған қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы

0,19

 

25.

Кенттер

0,96

0,13

 

26.

Ауылдар

0,48

0,09

 

 

 

 

     Бұл ретте елді мекендердің санаты техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес белгіленеді.

       Үй іргесiндегi жер учаскелерi мынадай базалық салықтық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады:

      1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:

      1000 шаршы метрге дейiн қоса алғандағы алаң болғанда – 1 шаршы метр үшiн 0,20 теңге;

      1000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метр үшін 6,00 теңге.

      Жергілiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне арналған салықтық мөлшерлемелер 1 шаршы метр үшiн 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.

      2) қалған елдi мекендер үшiн:

      5000 шаршы метрге дейiн қоса алғандағы алаң болғанда – 1 шаршы метр үшiн 0,20 теңге;

      5000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метр үшін 1,00 теңге.

      Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне арналған салықтық мөлшерлемелер 1 шаршы метр үшiн 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.

      Елдi мекендердiң тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй (тұрғын ғимарат), оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерiне жататын жер учаскесiнiң бiр бөлiгi үй iргесiндегi жер учаскесi болып есептеледi.

Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi

      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салықтық мөлшерлемелер мен салықтық базаны негiзге ала отырып, есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргiзедi.

      Осы тармақтың ережелері кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикаға байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша жеке тұлғаларға (оның iшiнде дара кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын адамдарға) қолданылмайды.

      Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін мұндай учаске:

      салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салық есептеуді салық органдары жүргізетін тұрғын үй және басқа да объектілер алып жатқан;

      тұру мақсатында ғана жалға (пайдалануға) берілген және тұрғын үй қорынан шығарылмаған деген талаптар бір мезгілде сақталғанда жер учаскесі кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскесі деп танылмайды.

         Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей бюджетке төлейдi.

       Кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикаға байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) жер салығын осы Кодекстің 512-бабында шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін айқындалған тәртіппен есептейді және төлейді.

       Осы Кодекстің 498-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының ережелерін қолдану құқығы салықтық кезең ішінде туындаған немесе тоқтатылған жағдайда, осындай ережелер:

      құқық туындаған кезде – осындай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап салықтық кезең аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-күніне дейін қолданылады;

      құқық тоқтатылған кезде – осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-күнінен бастап қолданылмайды.

 

Салықтық кезең

      1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жер салығын есептеу үшiн салықтық кезең болып табылады.

         жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) – кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикаға байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ұсынады.