Жарияланған күні: 26.09.2018 15:35
Өзгертілген күні: 31.10.2018 17:14

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛІК САЛЫҒЫ

 2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:

 

1) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Батыр ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар, бөлек тұратын зейнеткерлер – меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде;  

   2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер – меншік құқығындағы барлық салық салу объектісінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 500 еселенген мөлшері шегінде

 3) жетім балалар және 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

 4) салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салықты салық органдары осы Кодекстің 532-бабына сәйкес есептейтін тұрғынжайларды және басқа да объектілерді қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер.

Осы баптың 2-тармағы 2) және 3) тармақшаларының ережелері пайдалануға немесе мүліктік жалдауға (жалға) берілген салық салу объектілері бойынша қолданылмайды.

  Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады

Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келiсу бойынша осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.

 

    Бұл ретте меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу 2016 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жүргізілген бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша меншік иелері осындай объектіге меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға арналған өтініште көрсеткен осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады. 

  1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша айқындайтын салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салықтық база болып табылады, бұл мынадай тәртіппен айқындалады   

2,Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерлерде айқындалады:

       

    

Р/с

Елді мекеннің санаты

Теңгемен базалық құны

1

2

3

 

Қалалар:

 

1.

Алматы

60 000

2.

Астана

60 000

3.

Ақтау

36 000

4.

Ақтөбе

36 000

5.

Атырау

36 000

6.

Қарағанды

36 000

7.

Қызылорда

36 000

8.

Көкшетау

36 000

9.

Қостанай

36 000

10.

Павлодар

36 000

11.

Петропавл

36 000

12.

Талдықорған

36 000

13.

Тараз

36 000

14.

Орал

36 000

15.

Өскемен

36 000

16.

Шымкент

36 000

17.

Облыстық маңызы бар қалалар

12 000

18.

Аудандық маңызы бар қалалар

6 000

19.

Кенттер

4 200

20.

Ауылдар

2 700

   

     Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптамасына сәйкес айқындалады.

 Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша айқындайтын тұрғынжайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, астыңғы қабатының, жертөлесінің, гараждың құны осындай объект бойынша салықтық база болып табылады, бұл мынадай формуламен есептеледі 

Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу

 

      1 Жеке тұлға, оның ішінде жеке практикамен айналысатын адам кәсіпкерлік қызметте (жеке практикаға байланысты қызметте) пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша мүлік салығын есептейді және төлейді және шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы Кодекстің 64-тарауында айқындалған тәртіппен осы салық түрі бойынша салықтық есептілік ұсынады     

2. Мұндай салық салу объектілері бойынша салықтық база осы Кодекстің 520-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалады.

Салықтық мөлшерлемелер

Салықтық база осы Кодекстiң 529-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi:

 

1

2

3

1.

2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы

2.

2 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

1 000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,08 пайыз

3.

4 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

2600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,1 пайыз

4.

6 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

4600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,15 пайыз

5.

8 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

7600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,2 пайыз

6.

10 000 000 теңгеден жоғары 12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

11600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,25 пайыз

7.

12 000 000 теңгеден жоғары 14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

16600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,3 пайыз

8.

14 000 000 теңгеден жоғары 16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

22600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,35 пайыз

9.

16 000 000 теңгеден жоғары 18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

29600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,4 пайыз

10.

18 000 000 теңгеден жоғары 20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

37600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,45 пайыз

11.

20 000 000 теңгеден жоғары 75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

46600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,5 пайыз

12.

75 000 000 теңгеден жоғары 100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

321600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,6 пайыз

13.

100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

471 600 теңге + 100 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,65 пайыз

14.

150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,7 пайыз

15.

350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,75 пайыз

16.

450 000 000 теңгеден жоғары

2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын сомадан 2 пайыз

 

Салықты есептеу мен төлеу тәртібі

 

1.Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың

1 қаңтарына дейін құқықтары тіркелген жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзімін ескере отырып, салықтық базаға тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізеді.

  2. Егер салықтық кезең ішінде салық салу объектісі меншік құқығында он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болуының іс жүзіндегі кезеңі айларының санына көбейту арқылы есептеледі.

Бұл ретте объектінің меншік құқығында болуының іс жүзіндегі кезеңі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер объект осындай күнге меншік құқығында болса) немесе объектіге меншік құқығы туындаған айдың 1-күнінен бастап осындай объектіге меншік құқығы берілген айдың 1-күніне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер объект осындай күнге меншік құқығында болса) айқындалады

     

  3. Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне пропорционалды есептеледi

  4. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде салық сомасын қайта есептеу уәкілетті мемлекеттік орган беретін, жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі.

   5. Осы Кодекстің 526-бабы 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салықтық кезең ішінде туындаған немесе тоқтатылған жағдайда, осындай ережелер:

құқық туындаған кезде – осындай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап салықтық кезең аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-күніне дейін қолданылады;

      құқық тоқтатылған кезде – осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-күнінен бастап қолданылмайды.

 

       6. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізіледі

     7. Меншік құқығын беретін тұлға салық салу объектісін иеленуінің іс жүзіндегі кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы меншік құқықтары мемлекеттік тіркелген күннен кешіктірілмей бюджетке енгізілуге тиіс

    Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мақсатында салық салу объектісіне меншік құқығын беру жүргізілген жылдың алдындағы салықтық кезең үшін айқындалған салықтық база қолданылады. 

      8. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде шекаралардың осындай өзгеруі нәтижесiнде басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің шекараларына ауыстырылған аумақтың елдi мекенiндегі жеке тұлғалардың мүлкіне салық осындай өзгерiс жүргізілген салықтық кезең үшін осындай өзгерiс күніне дейін осы елдi мекен орналасқан шекаралардағы елдi мекен санаты үшін белгіленген базалық құн негізге алына отырып есептеледі..

Салықтық кезең

1. қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу үшiн салық кезеңi болып табылады.

 2. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi жойылған, қираған, бұзылған кезде салық салу объектiлерiнiң жойылу, қирау, бұзылу фактiсi болған ай салық кезеңiнiң есеп-қисабына кiредi.