Жарияланған күні: 13.12.2018 18:32
Өзгертілген күні: 13.12.2018 18:33

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 99-бабына сәйкес банкроттықты басқарушы банкроттың (борышкердің) мүліктерін сатуда сату жоспарына сәйкес немесе тікелей сату әдісімен  электрондық аукцион арқылы сатады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығымен бекітілген борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөніндегі электрондық аукцион ұйымдастырушысын анықтау және жүргізу Ережесінің  2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес борышкерлердің мүлкін сату бойынша электрондық дерекқорға кірудің бірыңғай орны www.gosreestr.kz                        мемлекеттік мүлік тізілімінің web-порталы болып белгіленген.

Бұл ретте, Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 28.03.2018 жылғы шешімімен «Южполиметалл ӨК» АҚ банкрот деп танылып, банкроттық рәсім қозғалған.

Аталған борышкердің атына Шымкент қаласы Бадам ауыл округінде тіркелген жер телімін сату мақсатында банкроттықты басқарушымен  www.gosreestr.kz  web-порталында электрондық аукционға қойылған. Ағымдағы жылдың 22 қараша күні аукционға қатысушылар саны 3 сатып алушыларды құрап, «Южполиметалл ӨК» АҚ жер телімі сатылды.

Борышкерлердің мүлкіне потенциалды сатып алушылардың шеңберін электрондық аукцион арқылы хабардар болу деңгейін арттыру, сонымен қатар сатып алушылардың саның ұлғайту мақсатында, сот шешімімен банкрот деп танылған «Стамбул үйлері» ЖШС мүліктерін (активтерін) сату бойынша электрондық аукцион 13.12.2018 жылы www.gosreestr. kz мемлекеттік мүлік тізілімінің web-порталында өткізіледі. Электрондық аукцион арқылы  сатылымға мына төмендегі мүліктер қойылады:

  • Шымкент қ., 17 м/ауд, 5Б үйде орналасқан мекен-жайы бойынша екі және үш бөлмелі пәтерлері;  
  • Шымкент қ., Құрманғазы көшесінде орналасқан 0,0789 га. құрайтын жеке меншік құқығымен жер телімі сатылады. 

Сол сияқты, сот шешімдерімен банкрот деп танылған  «Меланж» және «Ютекс» АҚ мүліктерін (активтерін) сату бойынша бағалау жұмыстары аяқталып, электрондық аукцион арқылы сату ұйымдастырылуда. «Меланж»  және «Ютекс» АҚ мына төмендегі мүліктері 2019 жылдың қаңтар айында электрондық аукцион арқылы сатылымға қойылу жоспарлануда:

ПАЗ 4234, HOWO ZZ3257M 3641, MAZDA626, Volkswagen Caravelle,  ЗИЛ 431412, Opel Vectra, Skania, BOALLOV, ЗИЛ  ММЗ 4502, ЗИЛ 130, ГАЗ 322132.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Оңалту және банкроттық басқармасына 8 (7252) 35-33-23 телефон арқылы хабарласуға немесе  www.gosreestr. kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы мәлімет алуға болады.

 

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

Оңалту және банкроттық басқармасы