Жарияланған күні: 10.01.2019 15:48
Өзгертілген күні: 10.01.2019 15:49

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сіздерге келесіні хабарлайды.

         Тауарларды сатып алу, қызметтерді көрсету барысында сатушылармен бақылау-касса машиналарын қолданбау, түбіртекті бермеу фактілері орын алған жағдайда немесе түбіртекте толық сомма көрсетілмесе, 87786917615 нөмірі бойынша «WhatsApp» мессенджері және Департаменттің «Facebook», «Instagram», «VKontakte», «Twitter» әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы бізге хабардар етіңіздер, Департамент тарапынан жедел түрде тиісті шаралар қолданылатындығын хабарлайды.

         Өздеріңіздің азаматтық көзқарасыңызды таныту арқылы, Сіздер көлеңкелі экономикаға қарсы күресте көмек көрсетесіздер.

         Сондай-ақ, жоғарыда аталған «WhatsApp» мессенджері және әлеуметтік желілер арқылы жер, мүлік және көлік салықтарын есептеу және төлеу тәртібі бойынша сұрақтарыңызға жауап алуға мүмкіндіктеріңіз бар.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы