Жарияланған күні: 18.07.2019 17:25
Өзгертілген күні: 18.07.2019 17:29

2020 жылдан бастап онлайн бақылау-кассалық машиналарын жер-жерде қолдану заңды күшіне енді.

Ағымдағы жылы патент негізінде қызметін жүзеге асыратын тұлғалар үшін салықтық кезең ішінде бір онлайн БКМ құнына немесе 60 000 теңге шамасында (есептелген салық сомасынан  50%-дан аспайтын) үшкомпонентті интеграцияланған жүйені (онлайн БКМ, POS-терминал, ERP жүйелер)  алу сомасына есептелген жеке табыс салығы сомасын азайту құқығы берілді.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті патент негізінде жұмыс істейтін салық төлеушілерді аталған мүмкіндікті пайдалануға, яғни онлайн-БКМ-ға көшуді жылдың соңына қалдырмауға және балама салық салу режимине өтуге шақырады.

 

                                                            Шымкент қ. бойынша МКД

                                                            Түсіндіру жұмыс басқармасы