Жарияланған күні: 12.06.2019 18:41
Өзгертілген күні: 12.06.2019 18:42

«Әуежай - Шымкент» кеден бекеті халықаралық тасымалдау көлік құралдарының қозғалысына, сонымен қатар, жолаушылардың алып жүретін және алып жүрмейтін багаждарындағы тауарларға кедендік бақылау жүргізеді.

Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі 2010 жылғы 18 маусымдағы «Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы» Келісімімен айқындалады.

Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік шекарадан өткізу тәртібі:

  • тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлерін;
  • кедендік төлемдер төлеуден босатыла отырып, жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізудің құндық, сандық және салмақтық нормаларын;
  • жеке пайдалануға арналған тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік төлемдер төлеуден босату жағдайларын;
  • жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды қолдану тәртібін айқындайды.

Жеке тұлғалар кедендік шекара арқылы өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызуды кеден органы:

  • осы Келісімде белгіленген жағдайларда жеке тұлғаның өткізілетін тауарлар туралы өтінішін (ауызша немесе жолаушының кедендік декларациясын пайдалана отырып жазбаша нысанда);
  • тауарлардың сипаты мен санын;
  • жеке тұлғаның кедендік шекара арқылы өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігін негізге ала отырып, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып жүзеге асырады.  

Кедендік шекара арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға тарифтік емес және техникалық реттеу шаралары қолданылмайды.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес фитосанитариялық, ветеринариялық және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлеріне жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару бақылаудың тиісті түрлері жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

Жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізетін тұлғаның қалауы бойынша мұндай тауарларға қатысты оларды: уақытша сақтауға орналастырумен; Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырумен; егер олар келу орнын тастап кетпесе, кеден одағының кедендік аумағынан әкетілумен байланысты кедендік операциялар жасалуы мүмкін.

Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды жеке тұлғалар өздері кедендік шекара арқылы жүруі кезінде кеден органына тауарларды бір мезгілде көрсете отырып, жүзеге асырады.

         Халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетіндерді және кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатындарды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялау жолаушы кедендік декларациясын қолдана отырып, жазбаша нысанда жүргізіледі.

Жазбаша нысанда кедендік декларациялауға:

      1) алып жүрмейтін багажда өткізілетін немесе тасымалдаушы жеке тұлғаның мекенжайына жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;

      2) тарифтік емес және техникалық реттеу шараларынан басқа, оларға қатысты тыйымдар мен шектеулер қолданылатын кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;

      3) кез келген тәсілмен өткізілетін, оның ішінде құны және (немесе) саны мұндай тауарларды кедендік төлемдерді төлеуден босата отырып өткізудің нормаларынан асатын уақытша әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;

      4) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында тіркелген, кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкетілетін және мұндай аумаққа кері әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;

      5) кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген жағдайларда жеке тұлғалардың кеден шекарасы арқылы өткізетін қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары;

      6) мәдени құндылықтар;

      7) егер оларды өткізетін жеке тұлғаның алып жүрмейтін багажы болса, алып жүретін багажда әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар.

 

««Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Қаржы министрінің 11 қаңтардағы 2017 жылғы №12 бұйрығына сәйкес:

1. Кеден одағының кедендік аумағына алып жүретін және алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, жеке пайдалануға арналған тауарларға жатады, егер:

      1) олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса:

  • ан терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 зат;
  • ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2 бірлік;
  • планшет – бір адамға 2  бірлік;
  • портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1  бірлік;
  • зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5  зат;
  • велосипед – бiр адамға 1  дана;
  • бала арбасы – бiр адамға 1  дана;

      2) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1  реттен аспаса.

         2. Кеден одағының кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.

         3. Көрсеткiштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды.

Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және ақша құралдарын өткізу «Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы» 2010 жылғы 5 шілдедегі №51 Шартпен айқындалады.

Әкелу:

1. Жеке тұлғаның кеден одағының кеден аумағына ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін әкелуі мынадай тәртіппен шектеусіз жүзеге асырылады:
         - баламасы 10 мың АҚШ долларына тең не одан аспайтын жалпы сомадағы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін бір мезгілде әкелген кезде көрсетілген ақша қаражаты және (немесе) жол чектері жазбаша нысанда кедендік декларациялануға жатпайды;

- баламасы 10 мың АҚШ долларынан асатын жалпы сомадағы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін бір мезгілде әкелген кезде көрсетілген ақша қаражаты және (немесе) жол чектері әкелінетін қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің барлық сомасына жолаушылардың кедендік декларациясын беру арқылы жазбаша нысанда кедендік декларациялануға жатады.
         2. Жеке тұлғаның баламасы 10 мың АҚШ долларына тең не одан аспайтын жалпы сомадағы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін бір мезгілде әкелуі жеке тұлғаның қалауы бойынша жазбаша нысанда декларациялануы мүмкін.

3. Жеке тұлғаның, жол чектерін қоспағанда, ақша құралдарын әкелуі жолаушылардың кедендік декларациясын беру арқылы жазбаша нысанда кедендік декларацияланған жағдайда жүзеге асырылады.

Әкету:

1. Жеке тұлғаның кеден одағының кеден аумағынан ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін әкетуі мынадай тәртіппен шектеусіз жүзеге асырылады:

- баламасы 10 мың АҚШ долларына тең не одан аспайтын жалпы сомадағы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін бір мезгілде әкеткен кезде көрсетілген ақша қаражаты және (немесе) жол чектері жазбаша нысанда кедендік декларациялануға жатпайды.

- баламасы 10 мың АКШ долларынан асатын жалпы сомадағы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін бір мезгілде әкеткен кезде көрсетілген ақша қаражаты және (немесе) жол чектері әкетілетін қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің барлық сомасына жолаушылардың кедендік декларациясын беру арқылы жазбаша нысанда кедендік декларациялануға жатады.
         2. Жеке тұлғаның баламасы 10 мың АҚШ долларына тең не одан аспайтын жалпы сомадағы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін бір мезгілде әкетуі жеке тұлғаның қалауы бойынша жазбаша нысанда декларациялануы мүмкін.

3. Жеке тұлғаның, жол чектерін қоспағанда, ақша құралдарын әкетуі жолаушылардың кедендік декларациясын беру арқылы жазбаша нысанда кедендік декларацияланған жағдайда жүзеге асырылады.

Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы жазбаша нысанда міндетті декларациялануға жататын қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуі кезінде заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында жолаушылардың кедендік декларациясында мынадай мәліметтер қосымша көрсетілуі тиіс:

1) жеке тұлғаның туған күні және жері, шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ тұлғаның кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында болу (тұру) құқығын растайтын құжаттың деректемелері, тұрғылықты (тіркелген) жерінің немесе кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында болу орнының мекенжайы;

2) жол чектерін қоспағанда, ақша құралдары туралы мәліметтер (ақша құралының түрі, эмитенттің атауы, шығарылған күні және болған жағдайда сәйкестендіру нөмірі);

3) қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының көзі, олардың иелері (декларанттың меншігі болып табылмайтын қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізген жағдайларда), сондай-ақ болжамды пайдаланылуы туралы мәліметтер;

4) қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын тасымалдаудың бағыты және тәсілі туралы (көліктің түрі туралы) мәліметтер.

 

                                                                   Шымкент қ.бойынша МКД

«Әуежай - Шымкент» кеден бекеті