«Электронды-шот фактура» туралы

 

2014 жылдың 1 шілдсінен бастап Қазақстанда ерікті түрде шот-фактураларды электрондық түрде беруге мүмкіндік пайда болды.

 

"Электрондық шот-фактура" ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ)  нақты уақыттағы режимде сауда-саттық операция қатысушылардың арасында  шот-фактураларды шығарып және өзара алмасуға рұқсат береді.

 

API-дің көмегімен ЭШФ АЖ-мен ERP бухгалтерлік іс жүргізу жүйелерімен ықпалдасуға жағдай береді.

 

ЭШФ АЖ-де тіркелу қадамдары.

  1. ХҚКО-да ҰКО кілтін алу немесе сайтта өтініш жіберу
  2. ЭШФ АЖ-нің жоғарғы мәзіріндегі "Көмек" бөлімінде ұсынылған ЭШФ АЖ-дегі қадамдар бойынша тіркелу нұсқауламаны орындау

 

ЭШФ АЖ-де қолданушылардың көмек көрсету қызметтің адресі esfsd@mgd.kz

өтініштер регламент бойынша қызмет көрсетеді.

 

МАҢЫЗДЫ!!!

Заңды тұлғаның ЭШФ АЖ  -де тіркелуі тек  бірінші басшының сертификатын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Заңды тұлғаның тіркелуі үшін бірінші басшы   Ұлттық Куәландырушы  Орталығының ХҚКО-да берілетін  Жеке немесе Заңды тұлғаның  сертификатын алуы тиіс. 

 

     ШОТ – ФАКТУРА КӨШІРМЕСІН  ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ АЛУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

 

  • ЭШФ көшірмесі мерзімін 15 күнге дейін ұзартуы
  • ЭШФ көшірмесі шетел валютасында жазғызу мүмкіндігі
  • Шот – фактура көшірмесі бойынша құқықты  өз жұмысшыларына табыстау мүмкіндігі.
  • Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерімен жазылған ЭШФ басқару мүмкіндігі
  • Барлық шот-фактура электронды жазылған жағдайда , сатылған тауар, жұмыс , қызмет бойынша реестр тапсырмау  (300.07) мүмкіндігі
  • Барлық шот-фактура электронды жазылған жағдайда , сатып алынған  тауар, жұмыс , қызмет бойынша реестр тапсырмау  (300.08) мүмкіндігі
  • Тауардың өміршеңдік кезеңін қарау мүмкіндігі