
ТАБЫСТЫ КӘСІПКЕРЛЕР ДАМИ БЕРСІН.
Жоспары бар көздеген Шымкентімнің,
Бүтіндейтін халқының етек жеңін.
Мегаполис қаланың үшіншісі,
Көш ілгері өзгеден жүретұғын.
Даралап айтпасамда атап атын,
Өндіріс орындар бар мақтанатын.
Кәсіпкерге жол ашық жекеленген,
Бюджеттің кіріс көзін молайтатын.
Қуанышпен сенемін ертеңіме,
Болашақтың жарқыны көрінуде.
Ел байлығы еселеп жылдан жылға,
Жол ашылып келеді өркендеуге.
Кіріс көзін жоспарлы болжағанын,
Көрсетті түсім салық молайғанын.
Заңдылықты сақтаумен кәсіпкерлер,
Қажетін сауаттылық қолдағанын.
Кірістің әкімшілік шараларын,
Жасаған ел алдына жобаларын.
Тынымсыз талдаулардың арқасында,
Сенеміз жаңа жоба жол аларын.
Кірістің мемлекеттік жүйесі бар,
Қоятын ел алдына өлшемі бар.
Байлықтың қайнар көзі халықпенен,
Байлықтың халық деген егесі бар.
Мемлекеттік кірістің мақсаты бар,
Ел байлығын арттырар жағдайы бар.
Іскерлік, кәсіпкерлік дами берсе,
Ел үшін еңбегінің қаймағы бар.
Елімнің арта берсін бар байлығы,
Өлшенер өздеріңмен бал қаймағы.
Қайратың жігерленсін елің үшін,
Мемлекеттік кірістің кадрлары.
Байлықпенен елімді көркейтеміз,
Арта берсін жыл сайын берекеміз.
Мемлекеттік кірістің мамандары,
Құтты болсын он жылдық мерекеміз!!!
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының жетекші маманы Шаяхметов Нұрқанат Ордабекович