Дата публикации: 06.03.2025 15:01
Дата изменения: 06.03.2025 15:01

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен «ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!» тақырыбында алаяқтық қылмыстардың алдын алу бойынша қала тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиі кездесетін «OLX.KZ», «Kolesa.kz», «Krisha.kz» және басқа да әлеуметтік желілерде алдын ала төлем жүргізбеңіз және де ұялы телефоныңызға келген смс хабарламалармен келіп түскен код сандарын айтып алданбаңыз! Бұл алаяқтың жүйесі, сақ болыңыздар!