
Шымкент қаласы бойынша МКД ІҚБ (ОҚО бойынша МКД ІҚБ) әрдайым Департаменттің жеке құрам қатарында сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізіліп отырады.
Соның айқын мысалы келесі жағдай болып табылады.
03.04.2018ж. Ішкі қауіпсізідік басқармасымен жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері нәтижесінде Шымкент қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 27 үй мекен-жайы бойынша орналасқан ОҚО бойынша МКД әкімшілік ғимаратында «Б.Қонысбаев» к/б-нің бас маманы А.Шаимов өзіне қатысты ЕурАзЭҚ аумағынан тауарлардың нақты әкетілгені туралы экспорттық кедендік декларацияларды заңсыз ресімдеу фактісі бойынша Департаменттің Адами ресурстары басқармасының бас маманы М.Құрбановпен жүргізіліп жатқан қызметтік тергеу нәтижесінде оң шешім қабылдау үшін соңғыға 3000 АҚШ доллары көлемінде пара беру кезінде ұсталды.
27.09.2018ж. аталған қылмыстық істі Сарыағаш аудандық сотымен қарау нәтижесінде А.Шаимов өмір бойына мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды.
Шымкент қаласы бойынша МКД ІҚБ