
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 16.08.2018 жылғы №758 «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы бұйрығына сәйкес, 2018 жылдың 1 қазанынан бастап келесідей қызмет түрімен айналысатын салық төлеушілер деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануы қажеттігін ескертеді.
|
11. |
Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату |
|
12. |
Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу |
|
13. |
Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату |
|
14. |
Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату |
|
15. |
Сусындарды көтерме саудада сату |
|
16. |
Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату |
|
17. |
Тоқыма бұйымдарын сату |
|
18. |
Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату |
|
19. |
Киімдерді сату |
|
20. |
Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату |
|
21. |
Сағат және зергерлік әшекейлерді сату |
|
22. |
Ломбард қызметі |
|
23. |
Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі |
|
24. |
Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару |
|
25. |
Жарнама агенттіктерінің қызметі |
|
26. |
Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі |
|
27. |
Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі |
Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті





























