Жарияланған күні: 17.10.2018 09:13
Өзгертілген күні: 18.04.2024 11:45

Қарымсақов Бейбіт Еркинбайұлы Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

Бейбіт Қарымсақов Еркинбайұлы 1962 жылы дүниеге келген. 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, 2004 жылы Дулати атындағы   Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

1996 жылдан бастап - Алматы қаласының салық органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2003-2014 жылдары - Алматы қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, Алматы облысы бойынша Салық департаментінің бастығы, әрі қарай Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің бастығы қызметін атқарды.

Содан кейін,  Алматы әкімі аппаратының басшысы, "Астана ЭКСПО-2017 "Ұлттық компаниясы"АҚ Басқарушы директоры,  "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ " АҚ - да экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі  болып жұмыс атқарған.

 

Ешанкулов Сапарбек Еркинбекович Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

 

 

Ешанкулов Сапарбек Еркинбекович 1982 жылы 20 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген.

2004 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "экономист-бухгалтер" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы бойынша салық комитетінде маман болып бастаған.

2006 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінде акцизді өнімді әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысылауазымдарында жұмыс істеді.

2017 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бәйдібек ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2020 жылдан бастап Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық мониторинг басқармасында, Берешектермен жұмыс басқармасында, Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасында басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының бұйрығымен 2022 жылдың 3 қазанынан бастап Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Узбеков Ерлан Маханбетович

Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

 

Узбеков Ерлан Маханбетович  1969 жылы 05 шілде күні, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы Көк-Терек с. дүниеге келген.  1992 жылы Алматының мемлекеттік медициналық институтын, стоматология мамандығы бойынша бітірген, 1997 жылы Түлкібас агробизнес және туризм жоғары колледжін  «экономика и планирование в отраслях народного хозяйства» мамандығы бойынша бітірген, 2003 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «финансы и кредит» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасының кедендік органдарынан бастаған. Атырау облысының кедендік басқармасының, «Байқоңыр» кеденінде, Оңтүстік Қазақстан  облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әртүрлі лауазымдарында қызмет атқарған.

            2018 жылдың қыркүйек айынан бастап 2019 жылдың маусым айына дейін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Шымкент – кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы лауазымында қызмет атқарған.

2019 жылдың маусым айының 2023 жылдың ақпан айына дейін Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Сарыағаш стансасы» кеден бекетінің, «Атамекен», «Түркістан – кедендік ресімдеу орталығы - Әуежай» кеден бекеттерінің басшысы ретінде қызмет атқарған.

2023 жылы ақпан айында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Шымкент – кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің басшысы лауазымына тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2024 жылғы 10 қаңтардағы бұйрығымен Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

 

Акаев Жандос Суиндикович

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

 

Акаев Жандос Суиндикович 1984 жылы дүниеге келген.

2005 жылы М. Әуезов атындагы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2020 жылы Аймақтық, әлеуметтік-инновациялык университетін, бітірген.

Еңбек жолын Шымкент қаласындағы "НИМЭКС корпорациясы" ЖШС бухгалтері, ЖШС "Зерде" ғылыми Өндірістік Бірлестігінің бас бухгалтері болып бастаған. 2015 жылдан 2024 жылга дейін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, аудит баскармасының бас маманы, аудит, берешектермен жұмыс, камералдық мониторинг басқармаларының басшысы лауазымдарында жұмыс істеді. 04.10.2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшы орынбасарының міндетін атқарған. 17.01.2024 жылдан бастап Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.