
«E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға арналған әртүрлі қызметтер бар, мысалы:
салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеу;
салық берешегін тексеру;
артық төленген салықтарды есепке жатқызу;
мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;
салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);
жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді жасау;
жұмыс берушіңіздің жалақыңыздан табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің қанша ұстап қалғанын тексеру;
жалпыға бірдей декларациялау аясында активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) ұсыну;
мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету орталықтарына баруды онлайн брондау.
«e-Salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеуге болады. Авторизациялау тәсілдері туралы ақпарат мобильді қосымшада бар.