Жарияланған күні: 05.06.2024 09:15
Өзгертілген күні: 05.06.2024 09:16
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының құрылуына 10 жыл толуына орай, «Салық төлегеніңіз үшін, рақмет!» тақырыбында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мен салық төлеушілер арасында кездесу өтті.
Кездесу барысында Өндірістік емес төлемдер басқармасы жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы Ш.Б.Омарбек пен Талдау және тәуекелдер басқармасы талдау бөлімінің бас маманы А.Б.Жақсылық: салық төлеу әрбір Қазақстан Республикасы азаматының конституциялық міндеті екенін, салық төлеу арқылы қаланың әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына өз үлесін тигізетінімізді айтып түсіндірді. Сонымен қатар, жиналыс барысында жалпыға бірдей декларациялау бойынша түсіндірме жұмыстарыда жүргізілді.