Жарияланған күні: 26.06.2024 10:42
Өзгертілген күні: 26.06.2024 10:44
TIS артықшылықтары
 Үш компонентті интеграцияланған жүйе немесе қысқаша TIS: бұл не және ол не үшін қолданылады? TIS қандай артықшылықтар береді, ол кәсіпкерлерге қаншалықты пайдалы? 
толығырақ айтып береміз...
 Цифрландыруды дамыту мақсатында 2019 жылы Кодекске TIS сияқты тұжырымдаманы белгілейтін түзетулер енгізілді.
TIS артықшылықтары:
* Бір ғана бағдарламалық пакетті пайдалану мүмкіндігі, себебі TIS үш құрамдас бөліктен тұратын жүйе: қолма-қол ақшаны төлеуге арналған онлайн-кассалық машина, қолма-қол ақшасыз төлемдерге арналған POS-терминал және есеп жүргізудің автоматтандырылған бағдарламасы. Осылайша, TIS жоғарыда аталған үш компонентті алмастыратын бағдарламалық пакет болып табылады.
Кәсіпкердің таза пайдасын арттыруға мүмкіндік беретін оңайлатылған салық салу және ҚҚС бойынша ұлғайтылған шекті мәндер түріндегі салық жеңілдіктерін алу:
- осылайша, оңайлатылған негізде жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін салық кезеңіндегі кіріс шегі 24 038 АЕК-тен (88,7 млн. теңге) 94 086 АЕК-ке (347,4 млн. теңге) дейін ұлғайтылды;
- ҚҚС бойынша 20 000 АЕК-тен 144 184 АЕК-ке дейін, яғни 73,8 млн теңгеден 532,3 млн теңгеге дейін.
Бұл өсімдердің тек қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын операцияларға қатысты екенін ескеру қажет.
 Салық есебін жеңілдету, себебі жүйе салық есебін жүргізуге және есептерді шығаруға мүмкіндік береді;
* Айыппұл салу қаупі төмендейді, себебі жүйе бухгалтерлік және салықтық есепке алудағы қателер санын азайтады.
* Жалақыны есептеу және персоналды басқару мүмкіндігі;
* Қойма және салық есебін жүргізу;
* Құжаттарды қалыптастыру;
* Тауарлардың штрих-кодтарын оқу және ЭШФ АЖ қосылуымен ЭШФ құру;
Осылайша, TIS қолдану кәсіпкерлерді көптеген міндеттерден босатады, өйткені ол бухгалтерлік есеп пен салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетеді.