
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының құрылымдық бөлімшелері мен кеден бекеттерінің қатысуымен өткен кеңейтілген Алқа мәжілісінде Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі-Е.Өзбеков мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбы бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға ерекше көңіл бөлінгенін айта келе, барлық Департамент қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін талдау жұмыстарын күшейтіп, анықталған тәуекелдерді жою бойынша шара көруге шақырды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жақсарту бағытында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде бекітілген моральдық-этикалық нормаларын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.