
25.07.2024 жылы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын алдын алу және болдырмау бойынша профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасы бойынша, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін психологиялық тұрғыдан әсерін тигізу мақсатында, Шымкент қаласындағы түзету мекемелерінің жай күйімен танысу іс-шаралары өткізілді, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Тұран аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының салықтөлеушілермен жиі қарым-қатынаста болатын 44 қызметкерлері Шымкент қаласындағы «Сәуле» ықшамауданындағы түзету мекемесіне барып жай күйімен танысып шықты.