Жарияланған күні: 06.03.2025 15:02
Өзгертілген күні: 06.03.2025 15:03

Шымкент қаласы бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков департамент қызметкерлермен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі ережелерін сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесуде мемлекеттік қызметшілерге қойылған талаптар мен қызметтік этика ережелерін түсіндіріп, қатысушыларды жұмыста және жұмыстан тыс уақытта қоғам тарапынан сын ескертпелерге жол бермеуге және әдеп ережелерін қатаң сақтауға, мемлекеттік қызметшіге жариялы түрде негізсіз айып тағылған кезде теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауға шақырды.

Отырыс барысында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және профилактикасы бойынша өзге де мәселелер талқыланды.

Кездесу соңында салық органдарының қызметкерлеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз материалдарға және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша бірқатар тапсырмалар мен нұсқаулар беріліп ескертулер жасалды.