
Шымкент қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары - Әдеп уәкіл Е.Өзбековтің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Қ.Қайыпназарованың қатысуымен МКД қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілілердің мемлекеттік қызмет туралы заңнама және іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау мәселелері тақырыбында жиын өтті.
Жиын барасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкері тарапынан ақпараттық түсіндірме жүргізілді.
Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Е.Узбеков жиналысты қорытындылай отырып, Шымкент қаласы бойынша МКД қызметкерлері арасында әдеп кодексі ережелерін сақтау қажеттігін қатаң ескертіп, бұл бағыттарда бақылау жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.






























