Салықтардың және бюджетке төленетiн төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл
ҚР Салық кодексінің 117-бабымен есепке жазылатын және есепке жазылмайтын өсімпұлдар қарастырылған.
Осылайша, өсімпұл есепке жазылмайды, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық анықталған күнтізбелік жылға дейінгі бес салықтық кезеңнің алдындағы кезең үшін үстеме пайда салығы бойынша;
Бұрын белгісіз болған мән-жайларды анықтауды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) алынған алдын ала түсіндірмеге сәйкес салықтық міндеттемелерді орындауы нәтижесінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған кезде туындаған, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген (есепке жазылған) сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.
Бұрын белгісіз болған мән-жайлар деп салық органының берген алдын ала түсіндірмеде көрсетілген ұстанымына әсер ететін, алдында:
- салық төлеушінің (салық агентінің) алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуында салық органдарының назарына жеткізілмеген;
- салық төлеушінің (салық агентінің) алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуын қарау шеңберінде салық органының немесе оның лауазымды адамдарының сұрау салуларына жазбаша түсіндірулерде жеткізілмеген мән-жайлар танылады.
Түсіндіру жұмыс басқармасы
Шымкент қаласы бойынша МКД