Жарияланған күні: 22.11.2018 19:45
Өзгертілген күні: 22.11.2018 19:46

Есепке алатын бақылау аспаптарын орнатуды еске салады.

 

         Қазақстан Республикасының «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының талаптарына  сәйкес ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерін жүзеге асыру автожанармай кұю станцияларының резервуарларын, мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде автоматтандырылған түрде мәлімет беретін есепке алатын бақылау аспаптары (ЕАБА) арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

         Осыған орай, автожанармай құю станцияларының мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуші нысандарын бақылау аспаптарымен уақытылы жарақтандырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылмауға шақырамыз. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жүйенің тізілімінде тіркелген ЕАБА орнатылуға жатады.

         Автожанармай құю станцияларында ЕАБА орнатпаған жағдайда, мұнай өнімдерін бөлшек саудада жүзеге асырушыларға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 281 бабының 8 тармағына сәйкес, 100 АЕК-тен 300 АЕК мөлшеріне дейін мұнай өнімдері тәркілене отырып, әкімшілік айыппұлдар салынатының ескертеміз.

         Бүгінгі таңға  автожанармай құю станциялардың ЕАБА орнатуға тиісті 197 салық төлеушілердің, 147 аталған аспаптарды орнатқан, немесе жалпы санның 74,6 пайызын құрап отыр. Қалған салық төлеушілермен тиісті түсіндірме жұмыстары жалғасуда.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы.