
Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сәйкес келетін:
-арнаулы салық режимi үшiн салықтық кезеңдегі жұмыскерлердiң орташа тізімдік саны:
-оңайлатылған декларация негізінде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 038 еселенген мөлшерінен (63,7 млн.теңге);
мынадай қызмет түрлерін кірістері қосылмайды:
акцизделетін тауарлар өндiруді;
акцизделетін тауарларды сақтауды және көтерме саудада өткiзуді;
мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты өткiзуді;
лотереялар өткізуді;
жер қойнауын пайдалануды;
шыны ыдыстарды жинауды және қабылдауды;
түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткiзуді;
консультациялық қызметтер көрсетуді;
бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызметті;
сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметін;
құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметті;
қаржы лизингі шеңберіндегі қызметті жүзеге асырмайтын салық төлеушілер қолдануға құқылы.
Агенттiк шарттар (келiсiмдер) негiзiнде қызмет көрсететiн дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға құқылы емес.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдануға:
1) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар;
2) заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;
3) әртүрлi елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) салық салу объектiлерi бар салық төлеушiлер құқылы емес;
4) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар;
5) құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режимін немесе салық салу ерекшеліктерін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар;
6) коммерциялық емес ұйымдар;
7) ойын бизнесi салығын төлеушiлер құқылы емес.
Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшін салықтық кезең жартыжылдық болып табылады.
Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салықтық кезең үшін 3 пайыз мөлшерiндегi мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
Оңайлатылған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады, оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпоративтік) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргiзiледi.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы