Жарияланған күні: 12.03.2020 14:39
Өзгертілген күні: 12.03.2020 14:40

2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»  кодексінің патент негізіндегі арнаулы салық режимінің қолдану шарттарына бірқатар өзгерістер мен түзетулер енгізілді.

         Салық кодексінің 685 бабына сәйкес, патент негізіндегі арнаулы салық режимінің қолдану тәртібі шарттарына сәйкес:

    1) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

    2) қызметiн жеке кәсіпкерлiк нысанында жүзеге асыратын;

    3) мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін қолданатын:

Патент режимін қолданатын 32 қызмет түрлерінің шектеулі тізімінде (мүліктік жалға беруді; білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді; аударма ісі; фотография саласындағы қызметті; шаштараз қызметтерін; такси қызметі және т.б.)

Патент негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолдану үшiн тұрған жеріндегі салық органына патент құнының есеп-қисабы ұсынылады.

      Есеп-қисапты қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы:

       Қағаз жеткізгіштегі есеп-қисаппен бір мезгілде патент құнының төленгенін растайтын құжаттар ұсынылады.

      Электрондық нысанда, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы табыс етілген есеп-қисапта дара кәсіпкерлер патент құнына қосылатын салықтар және әлеуметтік төлемдер сомаларын төлеу бойынша төлем құжаттарының деректемелерін көрсетеді.

      Дара кәсіпкерлер есеп-қисапты табыс еткеннен кейін салық органы есеп-қисап ұсынылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық органының ақпараттық жүйесінде патент қалыптастыруды жүргізеді.

     Патент құнының есеп-қисабы бір салықтық кезең шегінде немесе кемінде бір ай көлеміне беріледі.

         Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайды жақсарту мақсатында, микро және шағын бизнес субъектілерін үш жыл мерзімге салық төлеуден босату бойынша қолданыстағы ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 57-4 бабына түзету енгізді.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, 2023 жылғы
1 қаңтарға дейінгі кезеңде
  арнаулы салық режимдерін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын тұлғалар, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер, төленуге жататын:

  1. Салық кодекстің 686, 687, 695, 700-баптарына сәйкес есептелген корпоративтік (жеке) табыс салығының сомасын (төлем көзінен ұсталатыннан басқа);
  2. Салық кодекстің 687-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасын;
  3. Салық кодекстің 704-бабына сәйкес есептелген бірыңғай жер салығының сомасын 100 пайызға азайтады деп белгіленген.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген шарттарға сай келетін салық төлеушілер шағын кәсіпкерлік субъектілері деп танылады.