Жарияланған күні: 08.04.2020 16:33
Өзгертілген күні: 08.04.2020 16:36

04.04.2020 ж. бері Шымкент қаласында төтенше жағдай жарияланғанына байланысты Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  бекітілген жаңа Регламентке сәйкес жұмыс жасауда.

         Электронды форматта көрсетілетін қызметтер тәулік бойы көрсетіледі. Бүгінгі таңға электронды емес қызмет түрлері бойынша барлық аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларының және Департаменттің кеңселері арқылы, яғни  барлық құжаттар электронды пошталар арқылы қабылдануда.

         Құжаттардың дайындығы туралы күнделікті өзгертілген мәліметтер  Шымкент қаласы бойынша МКД ресми  http://shymkent.kgd.gov.kz/. сайтында орналастырылады. Шығыс құжаттар, электрондық құжаттар ретінде, цифрлық қолтаңба арқылы қой қойылғандар ресми электронды пошта арқылы төлеушінің түскен поштасы арқылы жолданады.

         Департаментте, аумақтық кірістер басқармаларында және кеден бекеттерінде салық төлеушілердің ауызша өтініштерді (сұрауларды) қабылдау және қарау үшін Call-centre бірыңғай байланыс орталықтары құрылған жалпы 39 жұмыс телефоны, бейнеқоңырау шалу үшін WhatsАpp 37 нөмірлері көрсетілген.

         Бірыңғай байланыс орталықтардын нөмірлері мен электрондық пошталары туралы мәліметтерді әлеуметтік желілерде және ресми сайтында орналастырылған (shymkent.kgd.gov.kz, фейсбук, вконтакте, твиттер, инстаграмм,).

         Еліміздегі карантин кезінде Шымкент қаласының салық төлеушілеріне 2214 қызмет көрсетілген, оның ішінде қызмет көрсету орталығы арқылы 1 024 мемлекеттік қызмет.

         Байланыс орталықтары арқылы 1190, яғни жеке тұлғалардың мүлік, жер, көлік салықтарына қатысты, есеп шоттардың жабылуы бойынша қойылған сұрақтар.

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы.