Жарияланған күні: 01.06.2020 17:50
Өзгертілген күні: 01.06.2020 17:50

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған  тауарларды кедендік төлемсіз, жеке пайдалануға әкелуге болатын тауарлар:

- Жеке пайдалануға арналған тауарлар (этил спиртін, алкоголь ішімдіктерін, сыраны, жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарларды қоспағанда) ілесіп жүретін және (немесе) бірге жеткізілмейтін багаж транспорттың әуе түрімен әкелінетін – « құны 10 000 евроға баламалы сомадан асып түспейтін  және (немесе) салмағы 50 кг-нан аспайтын »;

- Жеке пайдалануға арналған тауарлар (этил спиртін, алкоголь ішімдіктерін, сыраны, жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарларды қоспағанда) ілесіп жүретін және (немесе) бірге жеткізілмейтін багаж транспорттың әуе түрімен немесе жаяу« 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап-құны 500 евроға баламалы сомадан аспайтын және (немесе) салмағы 25 кг аспайтын »;

- Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тасмалдаушы арқылы жеткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар (этил спиртін, алкоголь ішімдіктерін, сыраны, жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарларды қоспағанда) (бұдан әрі – Одақ) – « 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін - құны баламалы сома 500 евродан аспайтын және (немесе) салмағы бір жеке тұлға үшін 1 күнтізбелік ай ішінде 31 кг-нан асапайды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – құны баламалы сома 200 евродан аспайтын және (немесе) салмағы бір жеке тұлға үшін 1 күнтізбелік ай ішінде 31 кг-нан аспайды »;

- Одақтың кедендік аумағына халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар (жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарларды қоспағанда) « 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін – құны баламалы сома 500 евродан аспайтын және (немесе) халықаралық пошта жөнелтімдерінің брутто салмағы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір жеке тұлғаның атына 1 күнтізбелік айдың ішінде 31 кг-нан аспайды ».

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жоғарыда аталған тармақтарға - жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды ЕАЭО кедендік шекара аумағына әкелу кезінде кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелері (құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалардан асып кеткен кезде құн және (немесе) салмақтық нормалардан асып түсу бөлігінде құнының 30 пайызы, бірақ 1 кг салмақ үшін 4 евродан кем емес;

Темекі және темекі бұйымдары - 18 жасқа толған әрбір адамға 200 темекі, 50 сигара (сигариллалар) 250 г темекі немесе жалпы салмағы 250 г аспайтын темекі ассортименті өнімдері (құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалардан асып кеткен кезде - құнының 30 пайызы

Жеткізілетін және (немесе) алып жүруге болмайтын багажда әкелінетін  этил спирті,  сондай-ақ Одақтың кедендік аумағына  тасымалдаушы арқылы жеткізілетін тауарлар - саны 5 литрге дейін қоса алғанда (құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалардан асып кеткен кезде - 1 л үшін 22 евро

Жеткізілетін және (немесе) алып жүруге болмайтын багажда әкелінетін алкогольді сусындар мен сыра - 18 жасқа толған бір жеке тұлғаға есептегенде  3 л (құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалардан асып кеткен кезде - сандық норма 3 литрден асатын жағдайда, 1 литрге 10 евро

Мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілген мерзім ішінде шет мемлекетте уақытша тұру фактісі расталған кезде, шет мемлекетте кемінде 12 ай көлемінде уақытша тұрған Одаққа мүше мемлекеттің жеке тұлғасы  жеткізілетін және (немесе) алып жүруге болмайтын багажда әкелетін жеке пайдалануға арналған тауарлар - құны баламалы сома 5 000 евродан  асады (құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалардан асып кеткен кезде - құнының 30 пайызы баламалы құны 5000 евродан асатын болса, салмағы 1 кг-нан асатын болса - 4 евродан кем емес).

 

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жеке пайдалану үшін,  жеке тұлға ЕАЭО аумағынан әкете алмайды:

      1. 250 г бекіре балық түрлерінің уылдырығы.

      2. Балық, шаян тәрізділер (тірі, салқындатылған, мұздатылған) 5 кг астам.

      3. 18 жасқа толған адам тасымалдайтын жалпы көлемі 5 л астам этил спирті, алкоголь ішімдіктері және сыра.

      4. 18 жасқа толмаған адам тасымалдайтын этил спирті, алкогольді ішімдіктер мен сыра.

      5. 18 жасқа толған адам алып жүретін мөлшері 200 сигареттен немесе 50 сигардан (сигарилладан), 250 г темекіден аспайтын темекі және темекі бұйымдары немесе жалпы салмағы 250 г аспайтын аталған бұйымдар.

      6. 18 жасқа толмаған адам тасымалдайтын темекі мен темекі бұйымдары.

      7. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағынан әкетілетін, оларға қатысты Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында кедендік баждары белгіленген тауарлар (жеке пайдалануға арналған қарапайым автомобильдер цистерналарында сақталатын жанармайды қоспағанда, және жеке контейнерде 10 литрден аспайтын мөлшерде).

      8. Табиғи алмастар (Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін құны 75 мың АҚШ долларынан аспайтын Гауһар алмастарды қоспағанда).

      9. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы №74 шешімімен бекітілген, жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто және мотокөлік құралдарының жекелеген түрлерінің тізбесіне енгізілмеген көлік құралдары.

      10. Іштен жану қозғалтқыштары (аспалы қайық моторларынан басқа).

      11. ЕАЭО СЭҚ ТН 8403 10 субпозициясында жіктелетін орталық жылыту қазандықтары.

      12. 8426 – 8430, 8433 – 8442, 8444 00 – 8449 00 000 0, 8453 – 8464, 8465, 8466, 8468, 8474 – 8480, 8486, 8514, 8530, 8534 00, 8535, 8545, 8548, 9024, 9027, 9030 және 9031 ЕАЭО СЭҚ ТН позицияларында жіктелетін машиналар, механизмдер, жабдықтар (көгалдарға, саябақтарға немесе спорт алаңдарына арналған шалғыларды, дискілі тұрмыстық араларды қоспағанда).

      13. Загарға арналған солярии.

      14. Медициналық техника мен жабдықтар (шприцтерді, инелерді, катетерлерді, канюльдерді, ұқсас құралдарды, қан қысымын, температураны өлшеуге арналған жабдықтарды, сондай-ақ медициналық көрсеткіштер бойынша пайдалануға қажетті аппаратураны қоспағанда).

      15. Медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринарлық жиһаз (медициналық көрсеткіштер бойынша механикалық құрылғылары бар ауруханалық төсектерді пайдалану үшін қажетті жағдайларды қоспағанда).

      16. Шаштараз креслолары,  ұқсас креслолар және олардың бөліктері.

      17. ЕАЭО СЭҚ ТН 9010 тауар позициясында жіктелетін фотозертханаларға арналған аппаратура мен жабдықтар.

      18. ЕАЭО СЭҚ ТН 9023 00 тауар позициясында жіктелетін демонстрациялық мақсаттарға арналған аспаптар, аппаратура және модельдер.

      19. Монеталармен, банкноталармен, банк карточкаларымен, жетондармен немесе осыған ұқсас төлем құралдарымен іске қосылатын ойындар.

      20. Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға қатысты экспорттық бақылау шаралары қолданылатын тауарлар.

      Кеден ережелерін бұзғаны үшін жеке тұлғалар Кедендік одақта мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

 

      Тауар - кедендік шекара арқылы өткізілетін кез-келген жылжымалы мүлік, соның ішінде ақпарат тасығыштар, ЕАЭО мүше мемлекеттердің валютасы, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар, жол чектері және т.б.

      Жеке пайдалануға арналған тауарлар - кедендік шекара арқылы алып жүретін немесе алып жүрмейтін багажда не өзге тәсілмен өткізілетін жеке тұлғалардың жеке, отбасылық, үй және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мұқтаждарына арналған тауарлар.

      Жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауар - тауар жеке пайдалануға арналған, салмағы 35 кг тұратын бір мұраға, оның ішінде орны ауыстырылатын бөлшектелген, жиналмаған, жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген жағдайда, тауарға ие негізгі қасиеті жиналған, жинақталған немесе аяқталған тауар.

      Сүйемелденетін багаж - кедендік шекарадан өтетін жеке тұлға тікелей өткізетін қол жүгін қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар.

      Сүйемелденбейтін багаж - халықаралық тасымалдау (көлік экспедициясы) шарты бойынша тасымалдаушыға осы жеке тұлғаның ЕЭО аумағына кіруіне немесе оның ЕАЭО кедендік аумағынан шығуына байланысты кедендік шекара арқылы іс жүзінде өткізу үшін берілген немесе берілетін жеке тұлғаға тиесілі жеке пайдалануға арналған тауарлар.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік әкімшілендіру басқармасы