
Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (импортталатын) тауарларға қатысты тарифтік жеңілдіктер кедендік әкелу бажын төлеуден босату немесе импорт кедендік баж ставкасын төмендету түрінде қолданылуы мүмкін.
Сонымен, ЕЭК Кеңесі ЕАЭО аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау және алдын-алу мақсатында импортталатын тауарларға кедендік баж салығынан босатуды қарастыратын бірқатар шешімдер қабылдады.
2020 жылғы 16 наурыздағы № 21 және 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 34 шешімдерімен дәрі-дәрмектер, жеке қорғаныс құралдары, дезинфекциялық құралдар, сонымен қатар сөмкелер, бөтелкелерді герметикалауға арналған пленкалар, медициналық мұздатқыштар өндірісі үшін қолданылатын тауарлардың тізімі бекітілді.
Осы тізімдегі тауарлар денсаулық сақтау саласындағы ұлттық уәкілетті органдардың осындай тауарларды мақсатты пайдаланғаны расталған жағдайда бажсыз тасымалданады. Аталған босату 2020 жылғы 16 наурыздан 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру үшін тауарларға арналған декларацияны тіркеген жағдайда беріледі.
Бұдан басқа, ЕЭК Кеңесі 2020 жылғы 3 сәуірдегі №33 шешім арқылы сыни импорт тауарларының тізбесін бекітті, оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге импорттау кезінде кедендік әкелу баждарын төлеуден босату түріндегі тарифтік жеңілдік беріледі.
Көрсетілген тауарлар тізбесіне картоп, пияз, сарымсақ, қырыққабат, сәбіз, бұрыш, қара бидай, ұзын дәнді күріш, қарақұмық жармасы, шырындар және балалар тамағына арналған дайын өнімдер, сондай-ақ жекелеген дайын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы тауарлар (эндоскоптар, байланыссыз термометрлер, бір реттік пипеткалар, жылжымалы дезинфекциялық қондырғылар) сияқты жекелеген ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарлары кірді.
Тарифтік реттеу басқармасы
Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік Кірістер департаменті