
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 12 мамырдан бастап "Чекті талап ет - жүлдені ұтып ал!" атты жыл сайынғы акциясын іске қосты. Оның мақсаты кәсіпкерлер арасында азаматтық белсенділікті арттыру және адал бәсекелестікті ынталандыру болып табылады. Әрбір тұтынушы сатып алынған тауар (жұмыс және қызмет) үшін чекті мобильді қосымша (Wipon тегін қосымшасы) арқылы жібере алады және ұялы телефон теңгеріміне 5 000 теңгеге дейін ақшалай қаражатты ұтып алу мүмкіндігін алады.
Бұдан басқа, БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы бекітілген бейнематериалмен жібере алады, онда дерек расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады.
Акция жыл соңына дейін жалғасады.
Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментіңің
Түсіндіру жұмыс басқармасы