
2020 жылдың 12 мамырынан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті БКМ фискалдық чектерін бермеу деректерін анықтау бойынша "Қоғамдық бақылау – чекті талап ет" акциясын қайта бастады.
"Қоғамдық бақылау – чекті талап ет" акциясына кез келген адам қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштерді Мемлекеттік кірістер органдары қарайтын болады.
Бүгінгі таңға 30 чектерді бермеу фактілері анықталып, әкімшілік өндірістері қозғалған.
Фискалдық чектің бермеу дерегі туралы келіп түскен ақпарат расталған жағдайда 1 000 теңге сомасында сыйақы төленеді, ол ұялы телефонның теңгеріміне түседі.
Фискалдық чектің берілмеуінің бұзылу деректері туралы App Store және Play market-тен тегін "Wipon" мобильді қосымшасын жүктеп алуға болады.
Шымкент қаласы бойынша МКД барлық қала тұрғындарын өзінің азаматтық ұстанымын көрсетуге, заңды бұзуға бей-жай қарамауға және "Қоғамдық бақылау-чекті талап ет" акциясына белсенді қатысуға шақырады.
Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Түсіндіру жұмыс басқармасы