
Көлік құралдарына салынатын салық бойынша
2020 жылға көлік құралдары салығын есептеу үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болған АЕК, яғни 2 651 теңге қолданылады. (Салық кодексі 492-бабының 3-тармағы).
Алымдар, төлемақылар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша
2020 жылға алымдарды, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақыны, жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны және мемлекеттiк бажды есептеу үшін:
2020 жылдың 1 сәуіріне дейін төленген жағдайда – 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданыста болған АЕК (2 651 теңге);
2020 жылдың 1 сәуірінде және кейін төленген жағдайда – 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданыста болатын АЕК (2 778теңге) қолданылады (Салық кодексі 553, 557, 582 , 609).
2020 жылға пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі салық салу объектісі болып табылатын жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы, қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы, орманды пайдаланғаны үшін төлемақы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы және радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы есептеу үшін 2020 жылғы 1 қаңтарына қолданыста болған АЕК – 2 651 теңге қолданылады (Салық кодексі 563, 576, 587, 591, 595-баптары). 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап құрылған заңды тұлғалар 2020 жылғы жылғы 1 сәуірінен қолданыста болатын АЕК мөлшері қолданылады, яғни, 2 778 теңге.
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру төлемақы мөлшерлемелері жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерінде айқындалады ( 1 сәуір-2778).
Ойын бизнесі салығы бойынша
Салық кодексінің 537-бабына сәйкес ойын бизнесі салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсанға тең, онда ағымдағы жылдың екінші тоқсанынан бастап ойын бизнес салығының сомасын айқындау кезінде 2 778 теңге мөлшеріндегі АЕК қолданылады.
Арнаулы салық режимiн қолдану бойынша (әрі қарай – АСР)
Шағын бизнес субъектілері үшін АСР қолдану мақсаттары үшін шекті табыс 2020 жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК, яғни 2 651 теңге қолданылады (салық кодексі 683 бап, 2 тармағы).
Бірыңғай жиынтық төлем бойынша (әрі қарай – БЖТ):
БЖТ төлеушінің шекті табысын есептеу үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына қолданыстағы АЕК қолданылады, яғни 2 651 теңге (2020 жылға шекті табыстың мөлшері - 3 114 925 теңге) (Салық кодексі 774 бап 2 тармағы).
БЖТ сомасы ағымдағы жылдың бір айы үшін қала тұрғындары үшін 1 АЕК немесе 2 651 теңге құрайды, ауыл тұрғындары үшін - 0,5 АЕК немесе 1 326 теңге.
Шымкент қ.бойынша МКД.