Жарияланған күні: 05.08.2020 17:55
Өзгертілген күні: 05.08.2020 17:57

Құрметті азаматтар !!! Кәсіпкер сауда саттық жасаған кезде немесе қызмет көрсеткен жағдайда әр тұтынушыға кассалық чекті беру заңды міндеті және тутынушы  әр сатып алынған тауарға, алған қызметі үшін кассалық чектерін талап етуге құқылы. Бұл жағдай тутынушы өзінің құқықтарын қорғайды, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқартуды және кәсіпкерлердің арасында адал бәсекеге қабілеттілікті ынталандырады.

         Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, ағымдағы жылдың 12 мамырынан бастап 1 желтоқсанға дейін жылда өткізілетін жалпыреспубликалық «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!»  акциясы басталғанына назар аударады.

 

 

         Әр тұтынушы бақылау-касса машинасының фискалдық чегін «Wipon» қосымшасы арқылы жолдап, күнделікті сомасы 200 теңгеден 5,0 мың теңгеге дейін телефон теңгеріміне ақшалай ұтысына ие бола алады. Акция барысында жолданған чектер 1 млн. тенгені құрайтын бас жүлде ұтысына қатысады.

         App Store немесе Play market-тен «Wipon» мобилді қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.

         Құрметті қала тұрғындары !!!  Барлық тұтынушылар өздерінің азаматтық ұстанымын, заң бұзушылыққа төзбеушілігін білдіруге шақырамыз.

         Осыған қоса, жыл соныңа дейін «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» жобасы қатар өтізіледі, яғни бақылау-касса машинасының фискалдық чегін бермеу фактілерін, салықтық тексеру жүргізбей азаматтардың қатысуымен айқындауға болады.

         Аталған жобаның мақсаты, яғни әр тұтынушы түбіртекті бермеу фактісімен кездескен жағдайда, «Wipon» қосымшасы арқылы арыз шағымын бейне жазбасын қоса  жолдап, 1,0 мың теңге телефон теңгеріміне алады.

         Акциясына белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

            Түсіндіру жұмыс басқармасы.