Жарияланған күні: 03.09.2020 17:30
Өзгертілген күні: 03.09.2020 17:31

Егер сіз қызметтерді уақытында алғыңыз келсе, бірақ кезекте тұруға уақыт жоқ болса, әсіресе коронавирустық пандемия жағдайында шығудың жолы бар! Салық органдарына келу уақыты мен күнін онлайн брондау енді браузерде ғана емес, сонымен қатар «e-Salyq mobile» мобильді қосымшасында қол жетімді. Бұл қосымшаны смартфонға (Google play және App Store-да қол жетімді) жүктеп алып, өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта сапарды жоспарлауға болады!

            Сонымен қатар, қызметті алғаннан кейін Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында жүргізілетін сауалнамаға қатысыңыз (сілтеме: https://kgd.gov.kz/kk/content/memlekettik-kyzmetterdi-alu-kezinde-salyk-toleushilerge-kyzmet-korsetudin-sapasy-men). Мақсат - қызметтегі осалдықтарды анықтау және ұсынылатын қызметтің сапасын арттыру. Шетте қалмаңыз, сауалнамаға қатысыңыз, ел дамуына өз үніңізді жеткізіңіз.

            Бірге біз бір қадам алда боламыз!