Жарияланған күні: 21.01.2021 18:28
Өзгертілген күні: 21.01.2021 18:28

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 382-VI ҚРЗ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексінің 385-бабына өзгерістер енгізілгендігін және салық салынатын импорттың мөлшеріне арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары енгізілгендігін хабарлайды.

Көрсетілген өзгерістер 2021 жылғы 1 қаңтардаң бастап қолданысқа енгізілді.