Дата публикации: 26.06.2024 11:10
Дата изменения: 26.06.2024 11:10
2024 жылдың 21 маусымында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі – Департамент) Департамент басшысының орынбасары С.Е.Ешанқұловтың төрағалығымен Шымкент қаласы Прокурорының көмекшісі – Б.К.Мирзалиев, Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары –М.Н Исабеков, Шымкент қалалық жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Е.Е.Ахметов, Шымкент қаласы полиция департаментінің аға инспекторы Ж.Н Утегенов қатысумен жеке тұлғалардың салық берешегін өндіру  бойынша, дөңгелек үстел өткізілді.
 
​Өз сөзінде, С.Е. Ешанқұлов 2024 жылдың 20 маусымындағы жағдай бойынша 75 171 жеке тұлғаның салық берешегі бар екенін, олардың берешегі 2 млрд. теңгеден асатынын, оның ішінде көлік салығы бойынша  43 840  жеке тұлғадан  1 821 млн. теңге ал, мүлік салығы бойынша 31331 жеке тұлғадан 249,0 млн теңгені құрағанын атап өтті.
 
​Баяндамашы, 1 АЕК-тен (3 692 теңге) асатын берешек сомалары бойынша хабарламаны жеткізгеннен соң отыз жұмыс күнінен кейін жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу үшін салық бұйрықтары қалыптастырылып, бес жұмыс күнінен кейін жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға берілетінін атап өтті.
 Іс-шара барысында, проблемалық мәселелер талқыланды. Берешекті өндіріп алу бойынша бірлескен меморандум түзу және іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды, қатысушылардың ұсыныс пікірлері тыңдалды.