Дата публикации: 02.08.2024 16:48
Дата изменения: 02.08.2024 17:13

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылдың І-жартыжылдықта атқарылған жұмыстарды қорытындылап Алқа мәжілісін өткізді.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қарымсақов Бейбіт Еркінбайұлының төрағалық етуімен, 2024 жылдың І-жартыжылдықта атқарылған жұмыстарына және алдағы уақытқа қойылған міндеттері бойынша Алқа мәжілісі өтті.

Алқа отырысы барысында Департамент басшысының орынбасарлары мен басқарма басшыларының баяндамалары мен есептері тыңдалды.

Департамент басшысы, 2024 жылға бекітілген Мемлекеттік бюджеттің толық орындалуы мен мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін нақты тапсырмалар беріп Алқа жиналысын қорытындылады.