Дата публикации: 05.03.2022 17:01
Дата изменения: 05.03.2022 17:01

Шымкет қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 04.03.2022 жылы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру тақырыбын талқылау мақсатында жиын өтті.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова қатысып, заңға енгізілген өзгерістерден, жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолға алынған жобалармен таныстырды.

Сондай-ақ, кездесу барысында ҚР Президентімен бекітілген еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен оның негізгі бағыттары талқыланды.

Тұжырымдамадағы жаңашылықтардың бірі негізсіз баю және шығыстардың кірістерден асып кетуі үшін жауапкершілікті енгізу болып табылатыны атап өтілді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы арнайы бейнероликтер көрсетілді.

Жиын соңында Ж.Әлжанова  қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріп, өткізілген кездесуден қорытынды шығаруға және өздеріне жүктелген міндеттерін адал атқаруға, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге шақырды.