
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Е.Қалиясовтың Шымкент қаласындағы Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлерімен кездесуі өтті.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 09.06.2022 жылы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Е.Қалиясовтың Шымкент қаласындағы Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлерімен кездесуі өтті.
Кездесуге Шымкент қаласындағы Қаржы министрлігі жүйесі Департаменттерінің Әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты.
Кездесу аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, мемлекеттік қызметшілерді қабылдау жүзеге асырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Е.Қалиясов қызметкерлерді қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға шақырды.
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Тұрысов қатысушыларға өз алғысын білдіріп, осындай форматтағы кездесулердің қызметтік әдепті қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.
Кездесуден кейін А.Е.Қалиясов қалалық Мемлекетттік кірістер департаментіне, Қазынашылық департаментіне, Мемлекеттік ішкі аудит департаментіне және Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне барып, бірінші басшылармен кездесу өткізді.
Сондай-ақ, А.Е.Қалиясов Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратындағы «Қаржымин – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде азаматтарды қабылдады.